Азия тынысы

Түркістан облысының оқушылары әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан шақырту алды

Түркістан облысының 11-сынып оқушысы Нұрболат Полатхан мен Абдулла Бақтиеров  әлемнің үздік жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Оларға Оңтүстік Корея мен Гонконгтың университеттері арнайы грант бөлді, деп хабарлайды Janalyq.asia ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Түркістан Білім-Инновация лицейінің оқушысы Нұрболат Полатханға Корея елі 100 мың АҚШ доллары көлемінде грант бөледі. Ол математикадан республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлде алып, IELTS емтиханынан 7,5 ұпай және SAT емтиханынан 1 510 ұпай жинап, өзінің ағылшын тілін де жетік меңгергенін дәлелдеген.

Оңтүстік Кореяның KAIST университеті болса, дүниежүзі бойынша ең үздік 56 университеттің бірі болып саналады.

Түркістан Білім-Инновация лицейінің тағы бір 11 сынып оқушысы Абдулла Бақтиеров жер-жүзіндегі ең мықты 70 университеттің қатарына кіретін CityU университетінен шақырту алды.

Бұл университеті Гонконг қаласында орналасқан. Абдулла Бақтиеров та информатика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделерге ие болып, IELTS емтиханынан 7 ұпай жинаған.

Оқушы CityU университетінде толық грантта оқитын болады.

Фото: Түркістан облысы Білім басқармасы

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button