Азия тынысы

«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновты үздіктер қатарына қосты

Түркиялық «Бешикташ» Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдиновты матчтың үздік ойыншысы ретінде ұсынды, деп хабарлайды Janalyq.asia Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Зайнутдинов Түркия кубогының 1/16 финалында Бірінші лигада5s «Эйюспорды»(4:0) жеңген ойынға қатысты. Қазақстандық тағы да орталық қорғаушы позициясында бүкіл матчты ойнады.

Үздік ойыншы атағына Зайнутдиновпен бірге «Бешикташ» сапынан Анте Ребич, Рашид Геззала және Дженк Тосунды ұсынды.

Айта кетейік, соңғы матч Зайнутдиновтың Түркия кубогындағы дебюті болды. Жалпы ол «Бешикташ» сапында барлық турнирлерде 24 кездесу өткізген.

Фото: GLOBALLOOKPRESS

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button