Азия тынысы

Спортшы қыз Ақнәр Ардақ көпшілікке қытайлық жігітін көрсетті

Қазақ қызы Ақнәр Ардақ Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің намысын қорғаған. Конькиші қыз қазақстандық жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленгені белгілі, деп Janalyq.Asia хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақнәр Ардақ – Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде 1999 жылы 1 маусымда дүниеге келген қазақ қызы. Ақнәр алғашында шорт-трек бойынша жарыстарға қатысып, 2018 жылдан бері конькимен жүгіру спортына ден қойған.

Ақнәр 5 жасынан бастап коньки тепкен. Анасы – мұғалім, әкесі 2012 жылы өмірден өткен. Бала күнінен спортты жанына серік еткен қыз 15 жасында ресми түрде Шыңжаң құрамасының мүшелігіне өтіп, ұлттық жарысқа қатысу құқығына ие болады. Ал 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына алынады.

Олимпиада алаңында әлемге танылған қазақ қызы әдемі көркімен көпшілікті баурап, қазақстандық желі қолданушылары жарыса пікір қалдырған еді. Көпшілігі Ақнәрді қазақ жігітімен таныстырып, елге шақыру туралы ұсыныстарын да айтқан болатын. Дегенмен, қазақ қызының таңдауы спорттағы әріптесі, қытайлық конькиші Гао Тингюге түскені белгілі болды.

Гао Тингю 500 метрлік қашықтықта Бейжің олимпиадасының чемпионы, Пхенчхан олимпиадасының қола жүлдегері,Азия ойындарының жеңімпазы. Екеуінің бірге түскен суреттерін Instagram-да жариялап, оқырмандарымен бөлісті.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button