Азия тынысы

Түркістан Антикоры 1291 бизнес өкілдерін арашалап қалды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Төлеубаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Спикердің мәлімдеуінше, «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде жүргізілген мониторингпен 75 ауылшаруашылығы өндірушілерімен 2,4 млрд теңгеге жасалған қарыз шарттарының кредиттік сыйақы мөлшері 16-24% аралығында белгіленгені анықталды, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Антикормен енгізілген ұсынымдар негізінде қаржы ұйымдары сыйақы мөлшері бойынша төлемді 6% төмендетіп, ауылшаруашылығы өндірушілеріне 100 млн теңгеден аса субсидия берілді.
Аталған Жоба аясында 1291 кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы қорғалды.
Кәсіпкерлер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-әрекеттеріне, салықтық әкімшілендіру, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты ресімдеу, мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру мәселелері және т.б. бойынша жүгінеді.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button