Азия тынысы

Антикор еріктілері қазына қаражатын негізсіз пайдалану фактісінің жолын кесті

«Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде Еріктілер бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін бақылау арқылы қазынаның 66 333 078 теңге қаржысын негізсіз жұмсалуына жол бермеді. 3 айдағы жұмыс нәтижесі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Ахтанұлы баспасөз брифингінде мәлімделді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Жергілікті атқарушы органдар жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тым жоғары баға қойған.
Мәселен, Сайрам орталық аудандық ауруханасы «А» корпусының қабылдау бөлімшесінің қосымша құрылысының сметалық құжатына 10,8 млн теңге ұсынған. Еріктілердің қырағылығымен қазынаның 10,6 млн теңгесі үнемделіп, ұсынылған мемлекеттік сатып алу 200 мың теңгеге жоспарланды.
Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сайттарды ақпараттық қолдау көрсету қызметіне 11 200 000 теңге жоспарлаған, бұл өте жоғары баға. Еріктілердің жіті қадағалауымен қазынаның 7,1 млн теңгесі үнемделді.

Біздің өңірден бүгінгі күні 121 ерікті осы жоба бойынша еріктілік көмек көрсетуде.
Антикор жемқорлық деректеріне бей-жай қарамайтын азаматтарды «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатысуға шақырады. Ол үшін Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекенжайына немесе +7(72533)26932, +77017877585 телефонына хабарласуға болады.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button