Азия тынысы

Әлихан Смайылов жаңа жайлы мектептер құрылысын қадағалауды тапсырды

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.
Кеңеске қатысушылар жаңа білім ордаларын жобалау және салу, оларды заманауи жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру, мемлекеттік сараптама жүргізу, қаржыландыру және басқа да бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Бүгінгі таңда 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Барлық процесс жобалық басқарудың арнайы ақпараттық жүйесінде бақыланады, онда сондай-ақ нақты уақыт режимінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылауға болады. Жалпы 2026 жылға дейін ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу көзделген.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстардың орындалу сапасын мұқият қадағалап, нысандардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуі тиіс. Мектептерді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 3 жылда жалпы 63 мектеп салынады (49 мың орын). Биыл 29 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы аяқталады. Қалған 34 мектеп 2025 жылы тапсырылады. Мектептердің құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Арнайы жұмысшы тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Әр аудан, қалада мектеп салынатын жер анықталып, инфрақұрылымы тартылып, бірнеше мектептің құрылысы басталып кетті.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button