Бизнес Азия

Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі

Таиландтың Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның инвестициялық және сауда мүмкіндіктері тақырыбы бойынша семинар өтті. Іс-шара Қазақстан мен Таиланд арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында шамамен 60 тай кәсіпкерлерінің қатысуымен өткізілді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.

Таиланд СІМ Тұрақты хатшысының орынбасары Пхантипха Иамсудха Экарохит ханым өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан мен Таиланд арасындағы отыз жылдан астам жемісті қарым-қатынастардың нәтижесінде Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі ең ірі серіктес болып табылатынын хабарлады. Тай кәсіпкерлері Орталық Азия, Ресей, Батыс Қытай және Таяу Шығыс мемлекеттерімен байланыстыратын көпір бола алатын Қазақстанмен тығыз қатынастар орнатуға шақырылды. Сонда-ақ, тай дипломаты туризм, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі секторларының инвестициялық ынтымақтастық үшін зор әлеуетін атап өтті.

Сонымен қатар, Таиланд үкіметі ұсынған уақытша визасыз режим біздің халықтар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал еткені атап өтілді. Атап айтқанда, өткен жылы Таиландта қазақстандық туристер саны екі есеге артты.

Пхантипха Иамсудха Экарохит ханым Таиланд азаматтарының «Қазақстан – Ұлы дала жеріне» сапарларының өсуіне үміт білдірді. Осы ретте,

Өз тарапынан ол тай ресми тұлғалары мен бизнесмендерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру бойынша жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде, Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастарда оң өзгерістері байқады.

Қазақстанның қарқынды дамуы және мемлекеттің өзінің экономикалық әлеуетін арттыру бойынша жүргізіп жатқан саясаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар Қазақстанда қоғамдық қатынастардың барлық салаларында оң нәтиже беретін реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді.

Семинардың жеке блогы Kazakh Invest өкілі Рауан Исабаевтың таныстырылымына арналды. Ол семинар қатысушыларын Қазақстанның инвестициялық әлеуеті және Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Kazakh Invest өкілі тай бизнесмендерінің ауыл шаруашылық, азық-түлік және туризм салаларына инвестиция салу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Панельдік сессия барысында Таиландтың академиялық және бизнес топтарының өкілдері Қазақстан дамуының оң динамикасы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Қазақстан мен Таиланд кәсіпкерлері арасындағы сауда-инвестициялық әріптестік жолына қоюдың оң аспектілері айтылды.

Талқылау қорытындысы бойынша іс-шараның қатысушылары өткен семинар екі елдің игілігі үшін елеулі нәтижелерге қол жеткізуге болатын көптеген болашақ іс-шаралардың іргетасы болып табылатын деген ортақ пікір білдірді.

Соңында Таиланд СІМ атынан ресми қонақасы ұйымдастырылып, Қазақстанның ұлттық тағамдары ұсынылды.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button