Орталық Азия

Қазақстан Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан экономикаға ие – Жозеп Боррель

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Kazinform тілшісіне Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Еуропалық инвестициялық банк арасында 500 млн еуро сомасына өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы пікірімен бөлісті, деп Janalyq.Asia хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл Қазақстан мен Еуроодақтың экономикалық жақындасуына ықпал етеді. Еуропалық дипломатия басшысы Орталық Азия мен Еуроодақ арасында өзара көлік байланысы бойынша Инвесторлар форумының ашылуына қатысты.

«Бүгін Брюссельде Орталық Азия мен Еуроодақ арасында өзара көлік байланысы бойынша инвесторларының «Global Gateway» атты бірінші форумы аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Еуропалық инвестициялар банк арасында 500 млн еуро сомасына өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына қуаныштымын», — деді Жозеп Боррель.

«Бұл Қазақстан мен Еуроодақтың экономикалық жақындасуына ықпал етеді», — деп атап өтті ол.

Ол Еуропа астанасында қол қойылған меморандум Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға бағытталғанын, бұл ЕО елдері мен Орталық Азия арасындағы транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретінін баса айтты.

Құжат Қазақстан Республикасында Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланысы мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады.

Сонымен қатар, Брюссельде Қазақстанның Даму банкі мен Еуропалық инвестициялық банк арасында 320 млн еуро сомасына өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Еске сала кетсек, Брюссельде Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік дәліздерін дамыту жөніндегі «Global Gateway» инвестициялық форумы аясында Қазақстан мен еуропалық әріптестер арасында құны 800 млн еуродан асатын төрт құжатқа қол қойылды.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button