Азия тынысы

Қуандық Бишімбаев изоляторда кімдермен отыр? Министр жауап берді

Былтыр 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде қастандықпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған экс-министр Қуандық Бишімбаев жалғыз отыр ма? Бұл сауалға Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жауап берді, деп Janalyq.Asia хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тілші: Қуандық Бишімбаевқа қамауда ешқандай жеңілдік жасалмаған ба?

Министр: Жоқ, ол бәрімен бір жағдайда отыр.

Тілші: Камераға жалғыз қамалған ба?

Министр: Жалғыз емес, қасында адамдар бар.

Тілші: Күдіктінің тәртібінің қатысты шағым түспеді?

Министр: Бәрі дұрыс. Ол сот процесіне дайындалуда.

Айта кетейік, қаңтар айының басында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы адвокат Жанна Мұхамади мәлімдеген еді. Оның айтуынша, тараптар іс материалдарымен танысқан соң және қорғаушы тараптың өтінішінен кейін іс прокуратураға шешім шығару үшін жолданады.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button