Орталық Азия

Орталық Азия чемпионатына барады

Алматы қаласындағы «Tamos» мектебінде роботтехникадан өткен «FIRST Championship» өңірлік іріктеу чемпионатында Абай облысының «Аlash» құрамасы топ жарып, жүлделі 2-орынға ие болды, деп хабарлайды Janalyq.Asia.

Бұл жарысқа еліміз және Өзбекстаннан 40-қа жуық коман­да қатысты. Инновациялық жоба­­ларын ұсынған 500-ден аса қатысушы үш бағытта өнер тақы­рыбы бойынша сынға тү­сіп, арнайы жабдықталған алаң­дарда роботтарын жарыстырды.Чемпионаттан үздік шыққан командалар ақпан айының со­ңын­да Астанада өтетін FIRST Орталық Азия кезеңіне жолдама алды. Абай облысының командасы осы чемпионатта республика намысын қорғайтын болады.

«Аlash» құрамасы құрас­тыр­ған «Феникс» роботы шағын­дығымен ерекшеленеді. Өзге өңір командаларымен пиксель жинау, ұшақ ұшыру және турникке тартылудан сайысқа түскен бұл команданың осы жолы бәсі жоғары болды. Команда же­тек­шісі Ерасыл Нұрекенов құ­рама мүшелерінің бұл сайыс­та үздік өнер көрсеткенін атап өт­ті. Электртехникалық колледж сту­денттері мен Абай ауда­ны Ш.Әбенов атындағы мектеп оқу­шыларынан жасақталған команда құрамында колледж студенттері – Азамат Бейбітұлы, Руслан Нес­­те­ренко, Нұрбол Жүнісов, Бек­жан Қорғамбаев, сондай-ақ мек­теп оқушылары – Ералы Сырым­ұлы, Санжар Асқарұлы, Елдар Ораз­беков, Жанболат Қайроллаев бар.

«USTEM Foundation» ұйым­дастырған чемпионат «Tamos» мектебі мен «Qstem Education»-ның қолдауымен өтті. Қатысқан коман­да­лар арасынан Орталық Азия­ ойындарына 5 команда жолда­ма алды.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button