Азия тынысы

Президенттің білім беру саласының дамуына бағытталған ұсыныстары өте орынды – Қайрат Құрманбаев

Ел Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында еліміздің стратегиялық дамуындағы білімнің маңызы ерекше айтылды. Яғни білім беру экономикамыздың, ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік сала дамуының іргетасы екенін атап өтті, деп хабарлайды Janalyq.asia.

Осы орайда Нұр-Мүбәрак университетінің проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.

Білім беру саласының дамуына бағытталған ұсыныстар өте орынды айтылды. Осы орайда, біздің Нұр-Мүбәрак университеті еліміздегі діни мамандар даярлайтын жалғыз ислами оқу ордасы екенін ескерсек, біз жоғары білім беру жүйесін жетілдірудің маңыздылығын түсінеміз және осы бағыттағы жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға ашықпыз. Инфрақұрылымды дамыту және студенттер мен оқытушыларға қолдау көрсету арқылы біз білім беру сапасын арттыруға ерекше мән берудеміз. Президентіміз әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға, сондай-ақ жас ғалымдар мен инновациялық жобаларды қолдауға назар аударды. Бұл бізге де қатысты. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға бағытталған ұсыныстарына қолдау білдірумен қатар, әрі қарай осы саладағы өзекті мәселелерге назар аударғым келеді, — деді ол.

Сонымен қатар Қайрат Құрманбаев Нұр-Мүбәрак университеті студенттер мен оқытушылардың зерттеу және әлеуметтік жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударатынын айтты.

Біздің университеттің де мақсаты – білім берудің жаңа стандарттарын қалыптастыру арқылы әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесінде үлесті болу. Біз жаңа технологияларды белсенді түрде пайдалану арқылы оқыту процесін жаңғыртуды қалаймыз. Сонымен қатар студенттердің және оқытушылардың зерттеу және әлеуметтік жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударамыз. Біздің университет қазіргі заманғы қоғамның қажеттіліктеріне сай білім берудің жаңа модельдерін қалыптастыруға мән беруде. Біз болашақ мамандардың жаһандық кезеңде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламаларын үнемі жетілдіруге мән береміз. Сондай-ақ студенттердің жан-жақтылығы мен шығармашылық және жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған әртүрлі бағдарламаларды қолдауға ұмтыламыз. Осы орайда, Президенттің білім беру саласындағы бастамалары біздің университеттің стратегиялық мақсаттарымен тығыз байланысты екенін атап өткім келеді. Біз әрбір студенттің білім алуға деген құқығын құрметтей отырып, сапалы және қолжетімді білім беруді ұсынуға бағытталған жұмысты жалғастырамыз, — деді Нұр-Мүбәрак университетінің проректоры.

Фото: muftyat.kz

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button