Азия тынысы

Атырау облысында судья пара алып жатқан жерінен ұсталды

Атырау облысында Махамбет аудандық сотының судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды janalyq.asia.

2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық іс-әрекеттері (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 2-т.) фактісі бойынша материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылғы 15 қаңтарда 2,5 млн теңгені алған кезінде судьяны парамен ұстады, — деп мәлім етті Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Фото: egemen.kz

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button