Азия тынысы

Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» бағдарламасын жүргізбейтінін мәлім етті

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан кетті, деп Janalyq.Asia хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тележүргізушісі бағдарламаны 13 жыл бойы жүргізіп, түрлі әлеуметтік тақырыптарды көтергені белгілі.

Студияда 1500 сағат, 600 бағдарлама, 13 жыл өмір. Осымен «Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатып жатқанымды жеткіземін. Мен сепарация туралы жиі айтамын. Бұл балаларымызға ғана емес, туындыларымызға да қатысты. Тұла бойым тұңғышыма айналған «Астарлы ақиқат» өз анасын күлімсіретті, көкке көтерді, кейде күрсіндірді де. Бастысы – біз екеуіміз де жылағанның жасын сүрттік, құлағанды қолтығынан демедік,тарпаң тағдырдан тарыққанға жол ашуға тырыстық, – дейді Дина Төлепберген.

Ол әр эфирін қалт жібермей тамашалаған көрермендерге алғысын айтты.

Әр нәрсенің өз орны, өз уақыты болады. Осыдан 13 жыл бұрын, 2011 жылдың 18 қыркүйегінде 27 жастағы Динаға эфир тізгіні бұйырғанда, мен бағдарламаға жан бітіріп, оны жалпыұлттық деңгейге жеткізем деп ойламаған едім. Бірақ сіздер мені өз отбасыңыздың мүшесі ретінде қабылдап, Күнде кешкісін менімен бірге болдыңыздар. Рақмет сіздерге! Эфирмен қоштасуымды қарыштауға қадам деп тілекші болыңыз, – деді Дина Төлепберген.

Айта кетейік, танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі «талақ айтуға» қатысты пікірін білдірген еді.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button