Бизнес Азия

Халықаралық форумда Өзбекстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібінің әлеуеті көрсетілді

Өзбекстанның былғары аяқ киім өнеркәсібінің жетістіктері ТМД және ШЫҰ елдерінің былғары-аяқ киім өнеркәсібінің халықаралық форумында көрсетілді, деп хабарлайды janalyq.asia.

Мәскеуде жылына екі рет өткізілетін «Mosshoes» аяқ киім, сөмкелер, аксессуарлар, былғары және аксессуарлардың халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті. Сондай-ақ, осы көрме барысында ТМД және ШЫҰ елдерінің былғары-аяқ киім өнеркәсібінің халықаралық форумы ұйымдастырылды.

Іскерлік шараның бизнес бағдарламасынан «Былғары-аяқ киім өнеркәсібі заманауи жағдайдағы жаңа болашақтары», «ТМД және ШЫҰ елдеріндегі былғары-аяқ-киім базарының мүмкіндіктерін жүзеге асыру» тақырыптары орын алды. Конференция гибридті форматта: офлайн және онлайн ретінде ұйымдастырылды. Шараға ТМД және ШЫҰ елдерінің былғары-аяқ киім өнеркәсібінің өкілдері қатысты.

Бұл форумға «Узчармсаноат» бірлестігінің төрағасы Фахриддин Бобоев онлайн түрде қатысып, Өзбекстанның былғары өнеркәсібінің жетістіктері, инвестиция және экспорттық әлеуеті туралы айтып берді. Атап өткендей, Өзбекстанның Орталық Азия елдерімен, Қытаймен және Ресеймен өзара тауар айырбастау көлемі жылдан-жылға артып келеді. Тек Ресей Федерациясына былғары-аяқ киім өнімдері экспортының көлемі өткен жылы 44 миллион долларды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 60 миллион долларға жеткізу жоспарлануда.

Кейінгі жылдары экспортқа шығарылатын өнімнің түрі айтарлықтай кеңейді. Егер бірнеше жыл бұрын экспорттың негізгі бөлігін жартылай шикізат, аяқ киім, былғары және елтірі бұйымдары құраған болса, бүгінде сала кәсіпорындары дайын былғары (краст, финиш), аяқ киім, аяқ киім табаны, желім, спорт тауарларын , қолғаптар және т.б. экспортқа бағытталған.

Сондай-ақ «Узчармсанот» бірлестігінің басшысы ТМД мен ШЫҰ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өтті. «Wildberries», «Aliexpress», «Ozon» сияқты электронды коммерциялық компаниялармен келіссөздер жүргізілді. Қазіргі уақытта оннан астам өзбек өндірушілері өз өнімдерін компаниялардың ресми сайттарына орналастырылған.

Қолайлы инвестициялық және іскерлік орта, саланы мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау Өзбекстандағы былғары-аяқ киім және үлбір өнеркәсібінің даму динамикасына оң әсерін тигізуде.

Сондай-ақ Ресей базарында «Made in Uzbekistan» деген таңбалы өнімге сұраныстың артуы – біздің саланың дамып, халықаралық нарықтағы жергілікті кәсіпорындарымыздың беделінің артқанының белгісі. ТМД мен ШЫҰ елдерінің тиімді ынтымақтастығы жақын болашақта жаңа белестерді бағындыруға қызмет етеді деп сеніммен айта аламын», — деді «Узчармсаноат» бірлестігінің төрағасы Фахриддин Бобоев.

Форум жұмысы барысында екі ұйымға мүше елдердің былғары және аяқ киім өнеркәсібі саласы өкілдерінің сенімді және тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында осы форматтағы диалогтардың маңыздылығы туралы пікір алмасылды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button