Азия тынысы

Трансшекаралық су ресурстары Орталық Азия елдері үшін күрделі мәселеге айналды

Алдымен мына деректерге назар аударайық: Жер шарының 70 пайызы өзіміз күнде тұтынып немесе пайдаланып жүрген судан тұрады. Солай бола тұрса да, бүгінде әлем халқының 70 пайызы суға зәру. Бұл жағдай 2025 жылға қарай тіпті ушыға түспек. Алдағы 15-20 жылда осы су мәселелері жаһанда ең басты және өткір проблемаға айналуы мүмкін. Бұл Орталық Азиядағы бір-бірімен көршілес жатқан бес мемлекетке де қатысты, деп хабарлайды janalyq.asia.

Бұлақ басындағы су ішіндегі…

Тіршілік көзі – су мәселе­сін зерттеумен айналысушы са­рап­шылардың пікіріне қара­ған­д­а, қазіргі кезде су ресурс­тарына байланысты көкей­кесті проб­леманың бірі – транс­шекара­лық су ағысын пайдалануды рет­­теу болып отыр. Себебі әлем­­дегі су ресурстарының үл­кен бөлігі мемлекеттердің ұлт­­тық ше­к­аралары арқылы өте­ді. Мы­­салы, дүние жүзіндегі 263 трансшекаралық су бас­сейн­дерінің үштен бірі екіден астам елдің, 19-ы беске жуық мемле­кеттің аумағын басып ағады. Ал бір Дунай өзені 18 елдің шекарасы бойынша өтеді.

Бұл мәселе Орталық Азия өңі­ріне де қатысты. Өйткені Орта­лық Азия мемлекеттерін­дегі ірі өзендердің барлығы транс­шекаралық өзен болып есеп­теледі. Ондаған жылдардан бері сол трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану жайы Орталық Азия елдері үшін күрделі проблема­ның бірі­не айналды десек, қателесе қой­мас­пыз. Бұл жерде ең бас­ты мәселе Сырдария мен Әмудария өзен­дерінен келетін суға байланыс­ты. Аталған екі өзен­нің бірі Сырдария өз бастауын Қырғызстаннан, ал екіншісі – Әмудария Тәжік­стан­­­нан алады. Осы екі ел өзен­дері­­нің ағы­сы бойынша жоғары орна­лас­қандықтан, Орталық Азия­дағы өзге мемлекеттер қыр­ғыз бен тәжік ағайындардың «жо­март­тығына» тәуелді. Дәлі­рек айтқанда, су ағынын реттеу теті­гі солардың қолында.

Географиялық тұрғыдан қарас­­­тыр­ғанда, Сырдария Қыр­ғыз­стан­нан басталып, Тәжік­стан арқылы Өзбекстан мен Қазақ­станға, Әмудария өзені болса, Тәжікстаннан Түрікменстанға және Өзбекстанға өтеді. Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстан шет мемлекеттерден келетін өзен суына 42 пайыз, Өзбекстан – 77 пайыз, Түрікменстан 94 па­йыз тәуелді екен. Ал Қырғызстан мен Тәжікстан осы өзендер суларынан зәрулік көріп отырған жоқ. Мүмкіндігіне қарай табыс та тауып келді. Қырғыз ағайын­дардың заңнамасында көршілес орналасқан елдердің аумақ­тарына ағатын барлық су үшін емес, жыл сайын Қырғызстаннан су қоймаларында және басқа да суландыру жүйелерінде жиналатын су үшін ғана ақы төлеу көздеген.

Танымал ғалымдар мен сая­саткерлер көп жылдан бері кли­маттың жылуына байланыс­ты жаһандық деңгейде мәселе көтеріп, дабыл қағып келеді. Олардың зерттеуінше, климат жылынуының теріс салдары орны толмас апатқа соқтырды. Мысал ретінде Қырғызстандағы мұздықтардың еру қабілеттілі­гін алайық. Өзен жүйелерінің негіз­гі қорек­тендіру көзі болып табы­­латын Орталық Азия­дағы мұздықтардың шамамен 45 па­йызы Қырғыз елінің аума­ғында жатыр. Соңғы жыл­дары осы елдегі мұздықтардың еру бел­сенділігі еселене түскен. Қыр­ғыз­­станның қоршаған орта­ның жай-күйі туралы ұлттық баянда­масында бірнеше онжыл­дықта мұз массасының жалпы көлемі 20 пайызға жуық азайғаны көр­се­тіліпті. Сарапшылар егер осы үрдіс жалғаса беретін болса, 2050 жылға қарай көрші елдегі мұз­­дықтардың 50 пайызы жойы­лып кететінін айтады.

Кейде бір елден екіншісіне жіберілетін су ресурстарына баға белгілеу жөнінде пікірлер де айтылып қалып жүр. Мұны келтіріп отырған себебіміз, әр текше метр таза су үшін ақша төлеп отырған елдер де бар. Мысалы, АҚШ пен Канадаға, Швеция мен Германияға, Түркия мен Болгарияға тұтынатын таза су танкерлермен жеткізіледі. Бұл мемлекеттерде суды сату және сатып алу мәселесі дұрыс жолға қойылған. Сарапшылар болашақта таза ауыз судың құны мұнайдан да қымбат болады деген болжам жасап отыр.

Жалпы, суға баға белгілеу­ді Орталық Азиядағы мемлекет­тер­дің барлығы бірдей қолдап отырған жоқ. Дегенмен мұның тиімді жағын да жоққа шығаруға болмайды. Біріншіден, ол өңір елдері арасындағы суға қатысты даулы мәселені оң шешуге ық­пал етеді. Екіншіден, өңірді су­­мен қамтамасыз ету жайын жақ­­сар­туға мүмкіндік береді. Үшін­­шіден, елдерді жаңа су қойма­ларын салуға ынталандырады. Бүгінде біздің елімізде осындай ірі жобалар қолға алынып жатыр, іске қосылғандары да бар.

Суға деген сұраныс еселеп артады

Қазіргі кезде Орталық Азия ел­дерінде тұратын халықтың саны 70 миллионнан асты. Алда­ғы кезеңде халық саны бұдан да өсетіні анық. Оған өңірдегі елдердің экономикалық дамуын қосыңыз. Міне, сонда суға деген сұраныс еселеп артады. Су проблемасын жетік білетін Нари­ман Қыпшақбаевтың келтір­ген мәліметтері бойынша, транс­шекаралық өзендер – Сырдария мен Әмударияның суы Орталық Азиядағы бес мем­лекетті сумен қамтуға толық жетпейді. Осы өзендер бойын­дағы халықтың негізгі өмір сүру көзі суармалы жерден алы­­на­тын өнімге тіке­лей бай­ланыс­ты. Сырдария су бассейні­нің жылдың орташа таби­ғи су қоры 37 миллиард текше метрді құрайды. Ал өңір­дегі ел­дер халқы өткен ғасыр­дың тоқ­са­нын­шы жылдары Сырдариядан жылына 50 миллиард текше метрге дейін су тұтынып келіпті.

Су ресурстарын сақтау, оны тиім­ді пайдалану және өзен ал­­­қа­п­­тарын ұтымды бас­қа­­ру­ды қам­­тамасыз ету мақ­с­атын­да Қа­зақ­стан Үкіметі су ресурс­т­арын басқарудың мемле­кет­тік бағ­дарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткен. Мұндай мәселеден әлем­дік қо­ғам­дастық та қалыс қал­мады. Әр жылдары су проблемасына ар­нал­ған халықаралық форумдарда жо­ға­рыда аталған проблемалар көтеріліп келеді. Өкінішке қарай сол мәселелер әлі толық шешімін тапқан жоқ. Соның салдарынан Орталық Азияда ғана емес, дүние жүзінде су тапшылығы артып, жер үсті және жер асты суларының ластануы белең алып барады. Ха­лық­ты таза сумен қамту проб­ле­масы айқын сезіліп, транс­шек­аралық су бассейндерін бірлесіп пайдалануда күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Трансшекаралық өзендерге қа­тысты өткір проблеманың тағы бірі – олардың шектен тыс лас­тануы. Ақиқатын айтқан­да, елі­міз­дегі жер үсті су нысан­дары­ның басым көпшілігінің сапа­сы халықаралық стандартқа сә­й­­кес кел­мейді деуге болады. Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық сияқ­ты негіз­гі трансшекаралық өзен­дер өте ластанған. Олардың ластануы өзендерге түрлі өндіріс орын­дарында пайдаланылған әрі таза­лан­баған судың ағызы­луы­на тікелей байланысты. Біз­дің еліміз­дің аумағына осын­дай өзен­дер суы негізінен Қытай­дан, Қыр­ғыз­­станнан және Өзбек­стан­­нан ағып келеді. Егер су про­бле­ма­лары­ның себеп-сал­дары жо­йыл­маса, 2025 жыл­дарға қарай эко­ло­­гия­лық тұрақты­лық­ты қамта­ма­сыз етуде аса күрделі жағдай қалып­тасуы мүмкін.

Әсілі, табиғаттағы су айналы­мы барысында өзен алқап­тары­­­­ның жер үсті сулары сол аумақ­­­тың бірыңғай су әлеуетін құрау арқылы жер асты сулары­мен бай­ланысып жатады. Ол өзен ағы­ны ресурстары­нан көле­мі жа­ғы­нан аздау бол­ғаны­мен, жер ас­ты сулары жекеле­ген тұ­ты­ну­­шы­лар үшін, яғни еліміз­дің кей­бір ерекше аймақ­тары үшін зор маңызға ие. Ғалым-маман­дар­­дың пайымдауын­ша, мұ­ның теріс жағы да бар. Себебі жер асты суларының барланған қор­ларын игеру өзен ағыны ресурс­тары­ның едәуір азаюына әкеп соқ­тырады екен. Сол себептен әлем­дік тәжірибеде жерас­ты суларын тек ауыз сумен қам­тамасыз етуге ар­налған таза судың стра­те­гия­­лық резерві ретін­де қарас­ты­ру ұсы­ны­луда. Ал Қазақ­стан бас­шы­­лығы осынау ғасыр проблемасына айналып бара жатқан су тап­шылығын жою мәселесін әлемдік деңгейде ұдайы көтеріп келеді.

Тараптар мүддесіне нұқсан келмегені жақсы БҰҰ Бас Ассамблеясының 1997 жыл­дың 21 мамырында қа­был­­даған Халықаралық су ағын­­­дарын пайдалану құқы­ғы туралы конвенциясында транс­шекара­лық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекеттер кезінде трансшекаралық сулар­дың сипатына ерекше мән беріліп, қисынды және әді­летті түрде пайдалануды қам­­тамасыз ету міндеті қара­с­ты­­рыл­ған. Сондай-ақ БҰҰ-ның шешімдерінде су ағы­сы­на ие мемлекеттер ынты­мақ­­тас­тық­тарын егеменді тең­дік, аумақ­тық тұтастық, өзара тиім­­ділік және адал ниетті­лік негізін­де құрады деп көр­сетіл­ген. Яғни гидротехникалық ны­сандардың құрылысы эколо­гия­лық жағынан табиғатқа, қоршаған ортаға зардабын тигізбеуі, транс­ше­каралық өзендер бассей­нін­де орналасқан барлық мемле­кет­тердің пайдаланатын су ағысының қалыптасқан балансы бұзылмауы тиіс.

Орталық Азия елдерінде осы талаптар сақталған ба? Қазір­­­ге сақталуда деп айта ал­­май­­­мыз. Өйткені өңірдегі мем­­ле­­кет­тер су-энергетика ре­сурс­­та­рын пайдалану жөнінде бірың­ғай мәмілеге келе алған жоқ. Қыр­­ғызстан мен Тәжікстан кезін­де құрылған Халықаралық су-энер­гетика консорциумын электр энер­гиясын өндіру және оны тара­ту мақсатында су-энер­гети­калық нысандарды салатын мекеме ретінде қарастырады. Ал Қазақ­стан мен Өзбекстан үшін кон­сор­циум суармалы жерлерді су­мен қамтамасыз етуге кепілдік бере­тін құжат болып табылады. Сондықтан Орталық Азия өң­ірі мемлекеттерінің ішкі су қаты­­нас­тарын реттейтін заң шыға­ру­ш­ылық және құқықтық акті­­лерін жа­қын­дастыратын, сон­­дай-ақ бар­лық тараптардың мүд­­­де­­лерін есепке алатын бірік­­­кен ұс­­таным қалыпастыру қажет-ақ.

Орталық Азия елдерінің транс­­шекаралық өзендер суына бай­­ланысты әрқайсының өзін­дік ұстанымы мен мүдде­лері бар. Негізінен ол Тәжікстан­дағы Рогун ГЭС-і мен Қырғыз­стан­дағы Қамбар ата-2 ГЭС-і құры­лы­сының жобаларына қаты­с­ты. Өзбекстан тарапы өңір­дегі трансшекаралық өзендер­дің су ресурстарын пайдалану мәсе­лелері сонда тұрып жатқан ха­лық­тың мүддесін ескере оты­рып шешілуі қажет деп есептейді.

Өзбекстандық сарапшы­лар­дың пікірінше, Рогун ГЭС-інің құрылысы әділ, тәуелсіз және халықаралық сараптама­дан өткізілуі тиіс. Себебі қуаты 3,6 мың МгВт болатын және бөгеті­нің биіктігі 340 метр­ді құрай­тын Рогун ГЭС-і сейс­ми­калық қауіпті аймақта орна­лас­пақ. Алып нысанның құры­лы­сына бай­ла­нысты кезінде Өзбек­стан­­ның бұрынғы президенті Ислам Каримов те бірнеше рет қат­қыл­дау мәлімдеме жаса­ған еді. Ал Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атал­ған жо­баларға қатысты: «Біз су-энер­гети­калық құрылым­дарды, соның ішінде Рогун ГЭС-і мен Қам­бар ата-2 ГЭС-інің жобала­рын халықтарымыздың қауіп­сіз­дігі тұр­ғысынан халықаралық сарап­тамадан өткізуді талап етеміз», деп айтқан болатын.

Осы Рогун ГЭС-інің құры­лы­сы Өзбекстан мен Тәжік­стан ар­а­сындағы шекараны бел­гі­леуге де ке­дер­гі жасап кел­ген еді. Қазіргі кез­де өзбек-тәжік екі­жақты қа­­ты­­на­сы жандана бас­тағаны бай­қа­лады. Егер Рогун ГЭС-і пайда­лану­ға бе­ріл­ген жағдайда, ол Тәжік­с­тан­­ның электр энер­гия­­сына сұ­раны­сын толық өтей­ді. Ар­­тыл­ғанын Пәкістан мен Ауған­­­станға экспорт­тамақ. Қам­бар ата-2 ГЭС-і жоба­сының құры­лыс­ы қазірге тоқтап тұр. Қыр­­ғыз­­­стан осы құ­ры­лысты жү­р­гізе­­ді деп уағ­­­д­а­­лас­­қан Ре­сей­мен ара­дағ­ы келі­сім күшін жойды. Ал Қазақ­стан трансшекаралық өзен­дер про­б­­лемасы халықаралық та­лап­­тар­­ға сәйкес ортақ мүдде тұр­ғы­­­сын­­д­а реттелуін және өзара тү­сі­ніс­­тік жағдайда шешілуін қалайды.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button