Азия тынысы

Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне орай 286 адам рақымшылыққа ілінді

Бұл туралы janalyq.asia Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев ел тәуелсіздігінің 32 жылдығын мерекелеу қарсаңында 286 азаматқа рақымшылық жасау туралы Жарлыққа қол қойды.

«Жарлықпен қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне шын жүректен өкінген және түзету жолына қадам басқан 286 азамат кешірілді. Олардың ішінен 109 адам негізгі жазаны өтеуден толық босатылды, 116 адам жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 25 адамға қатысты тағайындалған жаза түрі жеңіл жазаға ауыстырылды. Сондай-ақ 36 адамға қатысты тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі қысқартылды. Кешірілгендердің арасында 39 әйел, 60 жастан асқан 22 ер адам, 30 шетелдік, тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 3 адам бар», — делінген хабарламада.

Тиісті құзырлы органдарға рақымшылық жасалғандарға әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу тапсырылды.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button