Азия тынысы

Бішкек маңында әскери тікұшақ құлады

Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды Janalyq.asia Kabar агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те» Фрунзе-1 » әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Борт 203. Экипаждағылардың жағдайы әлі белгісіз, — делінген хабарламада.

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің агенттігіне хабарлағандай, Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын өткізу барысында мәжбүрлі түрде қонған. Зардап шеккендер бар.

Қорғаныс министрлігінің және әуе қорғаныс күштерінің басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады, — деп атап өтті ведомстводан.

Фото: Қырғызаеронавигация

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button