Азия тынысы

Алматы қаласына Түркістан өңірінен 400 тоннадан астам өнім жөнелтілді

Қазан айының 7-8 күндері Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде 400 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері нарықтан 15-20 пайыз арзандатылған бағада ұсынылатын болады, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz

Айта кетерлігі, республикадағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13%-ы Түркістан облысына тиесілі. Еліміздегі агроқұрылымдардың 33%-ы (80 мың) күнгей өңірде. Биыл 8 айдың көлемінде облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 506,2 млрд. теңгеге жетіп отыр.

Бұдан өзге, салаға салынған инвестиция көлемі 50,4 млрд. теңгені құраған. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешен саласында биыл 10,6 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылып, 300-ге жуық жұмыс орындары ашылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button