Азия тынысы

Түркістан: Арыста азық-түлік дүкенінде әлеуметтік бұрыш ашылды

Арыс қаласының орталығында орналасқан «Ақниет» дүкенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті нарықтағыдан төмен бағада саудалайтын әлеуметтік бұрыш ашылды. Қазіргі таңда,  тағы бірнеше дүкенде осындай әлеуметтік бұрыш ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz

Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда  маңызы зор жоба туралы қала әкімдігі мамандары аталған дүкен иесіне ұсыныс айтқан. Нәтижесінде, кәсіпкер мен «TURKISTAN» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында келісімшарт жасалынып, мұнда бірнеше азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағада сатылуда.

Мәселен, елу килолық 1 сортты ұнның қабы — 10000 теңге, макарон өнімдері — 300 теңге, картоп — 110 теңге, шекер 380 теңгеден сатылуда. Кәсіпкер жоғарыда аталған корпорация арқылы алдағы уақытта басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін алып келуді көздеп отыр. Аталған дүкен, Арыс қаласындағы Байжанов көшесінде орналасқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button