Азия тынысы

Түркістандық ұстаз «Үздік жыл мұғалімі — 2023» байқауында ІІІ орын иеленді

NIS жүйесінің барлық педагог мамандары үшін айтулы оқиғаға айналған дәстүрлі «Үздік жыл мұғалімі-2023» байқауына Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Шыңғыс Дархан қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шыңғыс Есенғараұлы NIS жүйесінде 5 жылдан астам, ал Түркістандағы Зияткерлік оқу ордасы ашылғалы 2 жылдан бері қызмет атқарады. Бүгінде мектеп қабырғасында «Ziyat» дебат клубының жетекшісі және Youtube желісінде педагогикалық тақырыпқа негізделген подкастары арқылы шәкірттеріне креативті, жан-жақты педагог ретінде танылған. Сонымен қатар мектептің 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында өткен мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауында жеңімпаз атанған.

2022-2023 оқу жылы Түркістандағы білім ордасы сыртқы жиынтық бағалау емтиханы бойынша қазақ тілінен үздік 100% нәтиже көрсетіп, NIS желісінде алдыңғы қатарға шықты. Бұл – Зияткерлік мектеп тарихындағы сыртқы жиынтық бағалау емтиханынан алғашқы жетістіктердің бірі болса, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің нәтижелі жұмысының көрсеткіші.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button