Азия тынысы

Әділетті Қазақстан: саяси институттардың эволюциясы контекстіндегі саяси модернизацияның теориясы мен тәжірибесі

Ағымдағы жылғы 21 қарашада Мемлекет тарихы, «Жошы» ұлысы зерделеу ғылыми институттарының ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстан: саяси институттардың эволюциясы контекстіндегі саяси модернизацияның теориясы мен тәжірибесі» атты ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Ғылыми семинар «Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ-ХХІ ғғ.) бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ғылыми бағдарламасы (№ВR21882308) шеңберінде өткізілді.

Шараға қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Б. Саиров, белгілі тарихшы ғалымдар М.Қ. Қойгелдиев, Б.Г. Аяған, Е.Қ. Нұрпейісов, Ә.М. Ауанасова, З.К. Сураганова және т.б. басқа да тарихшылар, саясаттану, философия, әлеуметтану және дінтану секілді пәнаралық зерттеуші мамандар, азаматтық қоғам өкілдері де қатысты. Сонымен бірге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен партия мүшелері де шараға белсене қатысып, пікір алмасты.

Биылғы жылы басталған Қазақстан тарихындағы саяси институттар мен құрылымдардың эволюциясы (ХІХ-ХХІ ғғ.) бағдарламасы аясында ғалымдар, зерттеуші топ өкілдері ХІХ ғасырдан бастап қазіргі саяси институттардың даму тарихын қарастыра отырып, қоғамда болып жатқан өзгерістерді ғылыми пайымдауды мақсат етті.

Осылайша, пәнаралық зерттеу бағдарламасы ұлттық тарихтың көкжиегін кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Алдағы жылы отандық және шетелдік архивтерге бару жоспарланады. Осы орайда тың деректер негізінде ғалымдар дәстүрлі институттар, олардың сыртқы әкімшілік реформаларға байланысты трансформациясы мен өзгеруі және қоғамды демократияландырудағы қазақстандық моделін жасау күтіледі.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button