Азия тынысы

117 академик Тоқаевтан араша сұрауда

Академиктер Тоқаевқа хат жазыпты

Бұл туралы Janalyq.Asia.kz порталы хабарлайды.

ҚР ҰҒА-ның 75 академигі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап хат жазыпты.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біздің Сізге жолдауымыз ҚР ҰҒА РҚБ Жалпы жиналысының 75 жылдығына арналған сессиясында сөйлеген сөзіңіздің және және Сіздің Хаттамалық шешіміңіздің орындалмай тұрғанына байланысты және ҚР  ҰҒА-сының Жалпы жиналысында айтылған академия мүшелерін  трасформациялау да басталмай тұруына қатысты.

Қ.И. Сәтбаев негізін қалаған ҚазКСР ҒА өзінің ғылыми жетістіктерімен кеңестік ғылымда үлкен беделді иемденіп, Ресей мен Украинадан кейін одақтас республикалар арасында үшінші орынға ие болды. Қазақстандық ғалымдар, ҚазКСР ҒА академиктері мұнай мен газдың, қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеуде, металлургияның, химияның ірі зауыттарын салуда, машина жасау, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде, медицинаны, мәдениетті дамытуда және т.б. ғылыми басшылықты жүзеге асыра отырып, ел экономикасының салаларын дамытуға зор үлес қосты.

 

Сондай ақ ҚР ҰҒА ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырулары да азайғанын айтты.

ҚР ҰҒА өзінің 77 жылдық қызметінің соңғы 32 жылында ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың күрт қысқарғаны және ғылыми әзірлемелерге сұранысты тудырған көптеген ғылымды қажетсінетін өндірістік кәсіпорындары тоқтаған қиын кезеңді бастан өткерді. Сіз де 2022 жылғы 1 маусымда ҚР ҰҒА қызметіндегі бұл қиындықтарды, әсіресе оның мемлекеттік мәртебесі болмағандықтан соңғы 20 жылда күшейе түскендігі жайлы Ғылым академиясында өткен тарихи баяндамаңызда атап өттіңіз. Алайда, бұған қарамастан, ғылымның, техниканың және технологиялардың дамуына үлкен үлес қосқан, отандық және әлемдік ғылымды ірі ғылыми жетістіктермен ҰҒА-сының байытқан ҚР ҰҒА-ның көрнекті ғалым-мүшелері өз қызметтерімен академиялық ғылыми қоғамдастықты қолдауды жалғастырды, бұл өз кезегінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының халықаралық жоғары беделін жоғалтпауға жәнеоны сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Академияның 75 жылдығына арналған ҚР ҰҒА-ның салтанатты Жалпы жиналысында сөйлеген сөзіңіз ҚР ҰҒА-ның мүшелерін жігерлендіре түсті, ол ҚР ҰҒА-ның жалпы жиналысына қатысуға шақырылған жетекші қазақстандық ғалымдарды ынталандырды және шетелдік қонақтар да, оның ішінде Қазақстанға қарағанда, Ұлттық ғылым академиялары мемлекеттік мәртебеге ие 7 елдің делегацияларын басқарған Ұлттық ғылым академияларының президенттері де біз үшін, яғни өз әріптестері үшін ерекше қуанды. ҚР ҰҒА-на мемлекеттік мәртебе беру туралы сіздің шешіміңізді барлығы көптен күткен Әділ шешімретінде қошеметпен және зор қуанышпен қарсы алды.

Сіз ҚР Үкіметіне ғылым Академиясына мемлекеттік мәртебе беру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды, халықаралық тәжірибені ескеруді және мұны ҚР ҰҒА басшылығымен бірге жасауды тапсырдыңыз. Алайда, ғылым академияларының заңнамасына және халықаралық тәжірибесіне сәйкес келетін мемлекеттік мәртебені осы ұйымның барлық ерекшеліктері ескерілетін тиісті заң түрінде берудің орнына, Сіздің тапсырмаңызды қисық бұрмалап орындаушылар тез, оңай жолмен жүріп кетті және Академияны априори «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға енгізді, Үкіметтің Қаулысымен «ҚР ҰҒА» коммерциялық емес акционерлік қоғам құрылды. Нәтижесінде заңды қайшылықтар, ұйымдастырушылық хаос пайда болды. Біз Сізді, Мемлекет басшысын, өз хаттарымызбен және үндеулерімізбен алаңдатуға мәжбүр болдық, өйткені ол кезде ҚР ҰҒА-ға қатысты «Ғылым туралы» Заңға қате түзетулер енгізуге бастамашы болған бұрынғы Білім және ғылым министрлігі жойылып, ал жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім Министрлігі жедел қабылданған шешімдердің орындалуыныңөте қиын шырмауына түсті.

2023 жылғы 27 наурызда өз Жарлығыңызбен «ҚР ҰҒА» КЕАҚ атауын «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚР ҰҒА» КЕАҚ деп өзгерте отырып, Сіз бәрімізге үлкен үміт сыйладыңыз. Академиктердің жанайқайы естілді. Біздің Ғылым академиясы Президенттің 2003 жылғы 21 қазандағы №1208 Жарлығына (және оған арнайы түсініктеме) сәйкес  «ҚР ҰҒА» РММ жою арқылы РММ орнына «ҚР ҰҒА» РҚБ болып қайта құрылды. Осыған байланысты «ҚР ҰҒА» РҚБ Сәтбаев академиясының заңды мұрагері екендігіешкімнің, оның ішінде Ел басшылығының да ешқашан күмәнін тудырған емес. Сонымен қатар, ҚР экс-Президенті Н.Ә. Назарбаев 2003 жылдан бастап (яғни Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік мәртебесінде болған кезде) 2006, 2012 және 2017 жылдары Ғылым академиясының 60, 65, 70 жылдығына арналған ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының мерейтойлық сессияларына үш рет қатысты. Президент және оның Әкімшілігі арқылыбарлық сайлау күндері, сайланатын мүшелер саны және ҚР ҰҒА-ның басқа да ұйымдастыру мәселелері келісіліп отырды. Сол дәстүр бойынша, оны жалғастырып, Сіз де ҚР ҰҒА-ның 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясына қатыстыңыз. Сізге бұл құрметіңіз үшін шексіз ризамыз!

Ғылым және жаңа технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысында еліміздің бүкіл академиялық қоғамдастығына (тек ҚР ҰҒА ғана емес) қатысты сіздің білдірген әділ сыныңызды ғылым шенеуніктері терсі түсініп, ҚР ҰҒА тарихындағы соңғы 20 жылдық кезеңін «жоққа шығару» тапсырмасы ретінде қабылдай бастады. Ал жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА-ның президентін бастапқыда біз өте жылықабылдадық және Қазақстанның игілігі үшін ортақ істерді жүзеге асыратынымзға үміттендік. Бірақ ол  кісі қисық, теріс жолды әрі қарай  жалғастырып, «қартайған» академиктердің қатысуынсыз, «жаңа» Академия құратынын жариялап, бізді таң қалдырды.  Бұл Сіздің Хаттамалық шешіміңізге,  «ҚР  Ғылым туралы» Заңға және ҚР Үкіметінің  «ҚР ҰҒА» РҚБ мүшелерін коммерциялық емес АҚ  ҚР Президенті жанындағы  ҚР ҰҒА-сына  трансформациялау туралы шешіміне  де мүлдем қарама-қайшы келеді.

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Ғылым және жоғары білім министрі биыл 14 сәуірде бізге Ғылым академиясының жаңа президентін К.Д. Закариянытаныстырғаннан кейін, өкінішке орай, біз оны қайтып көрмегенімізді де айта кету керек. «ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА» КЕАҚ президенті К.Д. Закарияның ғылым және Ғылым академиясы бойынша қисынсыз сөздері мен шағымдары, Ғылым академиясын одан әрі дамыту бойынша талқылаусыз, тек өзі дайындаған 4 құжаты оған және осы ұсыныстарға деген көптеген сұрақтардытуғызды. Осындай төрт құжаттың үшеуін мемлекеттік органдар қате деп қабылдамады. «Ашық НҚА» жариялаған «Жаңа» Ғылым академиясының құрамын бекіту туралы Ғылым және жоғары білім Министрінің бұйрығы түріндегі төртінші құжаты да қалың көпшіліктің сынына ұшырап, қатысқан 396 ғалымдардың барлығытеріс пікірлер берді. Осыған байланысты академиялық қоғамдастықта оның ғылыми құзыреттілігіне және тұтастай алғанда оның жеке басына қатысты да күмән пайда болды.

Біз «ҚР ҰҒА» КЕАҚ-тың барлық бастамаларынсынға төтеп бермейтін әзірленген құжаттар түрінде ҒЖБМ-н3ң уәкілетті органынан немесе ешкімге құрмет танытпайтын «бос» әңгімелер түрінде алдық. 2022 жылғы 8 қарашада құрылған ҚР ҰҒА Трансформациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия бірде-бір отырыс өткізген жоқ. ҚР Ұлттық ғылым академиясына қатысты 2022 жылғы 1 маусымда берілген бірде-бір тапсырмаңыз бір жарым жыл ішінде мүлдем орындалған жоқ.

Қазіргі кезде, ҚР ҰҒА академиктерінің саны, сондай-ақ оның құрамындағы «танымал»фамилияларға қатысты манипуляциялар орын алды. ҚР Ұлттық ғылым академиясына екі негізгі мәселе қойылды: біріншісі, академиялық қауымдастықтың және мүшелерінің көптігі, екіншісі, әртүрлі себептер бойынша кейбір академиктерге қатысты сұрақтар. Сонымен қатар, Қазақстанда іс жүзінде біздің «ҚР ҰҒА» РҚБ-дан басқа тағы 28 салалық ғылым академиясы бар(олардың 1000-ға жуық мүшелері бар, ал кейбірінің «ұлттық» деген атаулары бар немесе олардың құрамында «танымал» фамилияларбар), және мұндай академиялардың көптеген мүшелері академияларға тән сайлау рәсімдерінен мүлдем өтпейді, бірақ өздерін академик ретіндеұсынып, қоғамды жаңылыстырады.

Қазіргі уақытта «ҚР ҰҒА» РҚБ құрамында 151 академик бар. ҚР ҰҒА сандық критерий бойынша, ешкімнен артық емес, орта мөлшерде, мысалы, Ресей немесе АҚШ-тағы сияқты жалпы әлемдік стандарттарға толық сәйкес келеді. Шын мәнінде, 2003 жылмен салыстырғанда республикада 2023 жылы толық мүше ретіндегі академиктердің саны 178-ден 151-ге, яғни 27 адамға азайған. Ғылым академиясының барлық мүшелері ҚР ҰҒА РҚБ Жарғысына толығымен сәйкес жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Сонымен қатар, ҚР ҰҒА академиялық құрамында Сіздің  сыныңызға сәйкес («Парасат» холдингінің бұрынғы басшысына қатысты) бірден қажетті ұйымдастырушылық өзгерістер жасалды. Бұдан әрі ҚР ҰҒА өз бөлімшелерінде, Төралқасында және Жалпы жиналыста Жарғыға сәйкес қажетті рәсімдерді өткізуге дайын болды.

ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА КЕАҚ Президенті К.Д. Закарияның оны және тағы бірнеше адамды ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының «алғашқы» академиктері етіп тағайындау жөніндегі радикалды ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қолдау білдірмегеніңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Осыған қарамастан, бұл идея және басқа да көптеген мәселелер ҚР ҰҒА академиктерін сайлау ережелері мен критерийлерінің жобасында көрініс тауып, ағымдағы жылдың тамыз айында жұртшылықтың талқылауына ұсынылды. Олар ғылыми қоғам тарапынан да қатты сынға ұшырады және осылайша алынып тасталды. Алайда, қазір ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен «жаңа» Ғылым академиясын құруға күш салу жалғасуда, ол да ешқандай сын көтермейді. Біріншіден, ҚР Президентінің тиісті Жарлығы, сондай-ақ ҚР Президентінің осындай Жарлығын іске асыру жөніндегі ҚР Үкіметінің қажетті Қаулысы болмаған кезде ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ғылым Академиясының жаңа құрамын құру және нақты қалыптастыру жөніндегі осындай қағидаларды әзірлеу және одан әрі қабылдау заңсыз ведомстволық нормативтік-құқықтық акт болып табылады. Екіншіден, ережелерде ұсынылған «жаңа» Ғылым Академиясын құру жөніндегі нормалар нашар пысықталған, әлемдік тәжірибеге сәйкес келмейді, ал жекелеген нормалар қисынсыз, олар: ғылым кандидаттары мен PhD докторларының арасынан 5 жыл мерзімге «уақытша» академиктерді профессор ғылыми атақтарынсыз сайлау, бес жылдық бағдарламаны қорғау, қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін академик атағынан айыру, 1996 жылға дейін сайланған қазіргі академиктердің бір бөлігіне кеңесші дауыс беру құқығымен «Құрметті академик» мәртебесін беру,яғни оларды іс жүзінде академиялық мәртебесінен айыру.

«Алғашқы» академиктерді тағайындау идеясы да қалдырылған жоқ, тек қазір оларды Директорлар Кеңесінің дәрежесі бар мүшелері «сайлайды» (6 адам, 2 кандидат, 2 ғылым докторы, 2 PhD шетелдік профессорлар). Үшіншіден, құқықтарға нұқсан келтірілуде, ар-намыс пен қадір-қасиетке қол сұғылып, академиктердің өмір бойғы мәртебесіне қатысты пікірлер заңдық және моральдық тұрғыдан орынсыз деп санаймыз.

Осыған орай, егер ҚР  ҒЖБМ  осы бұйрыққа қол қоюға рұқсат немесе оған жол берсе және ұсынылған түрдегі академиктерді сайлау ережелері мен өлшемдері қабылдаса, әлемдік ғылыми жұртшылықтың көз алдында Қазақстан Республикасының беделі төмендейді (тіпті монархиялық және тоталитарлық мемлекеттерде де академиктер мен Ғылым академиясына қатысты мұндай нормалар ешқашан болған емес).

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біздер, сіздің шынайы және сенімді серіктеріңіз- академиктер және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшелері, олардың арасында КСРО, ҚазКСР, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, Қазақстанның Еңбек ерлері, Кеңес Одағының батырлары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ғылымның еңбек сіңірген қайраткерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Қазақстан ғалымдары — ғылыми еңбектердің, жаңалықтардың, көптеген өнертабыстардың, шетелдік патенттердің авторлары, ғылыми мектептердің негізін қалаушылар үшін ғылымдағы мәртебелік биіктерге жету барысында ең бастысы мансапқа қол жеткізу мен академиялық атақтар ғана емес, шығармашылық ізденіс маңызды.

2022 жылдың 1 маусымында Сіздің арқаңызда біз көптеген жылдар бойы жүрегімізбен күткен жаңалықты естідік. Ғылым академияларын құру зерттеушілердің күштерін біріктіру және арнайы білімді тарату туралы ойға негізделген. Жоғары ғылыми атақтарға қол жеткізу үшін ғылыми қоғамдастыққа белгілі бір білім саласындағы құзыреттілігін дәлелдеу, жаңа зерттеушілерді шабыттандыру және жетекшілік ету қажет. Сәтбаев Академиясы осындай рухымен  бізді шабыттандырады және біріктіреді.

Бірақ ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА КЕАҚ президенті профессор К.Д.Закария біздің академиктерге оның «жаңа» академия құрып  жатқанын және ҚР ҰҒА РҚБ-ға қатысы жоқ екенін мәлімдейді. Бұл оның ҚР Президентінің Хаттама шешімін мойындамағаны емес пе? Сондықтан ол ҚР Президенті тағайындаған қызметке  жарты жылдан бері кіріскен жоқ. Өзініңтікелей міндетіне  жататаны жыл сайын  дайындалатын ғылым жөніндегі  Ұлттық  баяндамамен  1946 жылдан бері  шығарылып  келе жатқан және халықаралықScopus және Web of Science базаларына кіретін ғылыми журналдарға  қаржы бөлген жоқ. Ол журналдар қазір  жабылуға жақын тұр. Бізді таң  қалдыратын сұрақ – кім  ол кісіге, К.Д.Закарияға, сонша  билік беріп қойған? Ол айтып жүретін  карт-бланшты  ол кімнен алған, неге ешқандай заңға, орнатылған тәртіпке бағынбайды?

2023 жылғы 20 қазанда және  1 қарашада ҚР ҰҒА РҚБ Жалпы жиналыстары болып өтті, онда академиктер барлық қиын сұрақтарды көтерді, олар осы хатта егжей-тегжейлі баяндалған. Аталған жиналысқа (1 қараша) қатысу үшін біз Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектішақырған едік, бірақ ол халықаралық кездесулеріне байланысты келе алмады. Бірақ сол күні  «Ашық НҚА» сайтында ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА президенті К.Д. Закария әзірлеген академиктерді  сайлау ережелері  мен критерийлері жарияланды. Жиналыс өтті және онда академиктердің Қазақстан Республикасының Президентіне қалыптасқан жағдай туралыақпараттандыру және оларды шешуге көмектесу туралы Мемлекет басшысына өтінішпен Ашық хат жазу туралы шешім қабылданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Ұлттық Ғылым академиясын ҚР ҰҒА РҚБ-дан ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА КЕАҚ-на трансформациялау мәселесін түпкілікті шешужөнінде көмек сұраймыз.

Осыған байланысты туындаған қақтығыстарды дұрыс, заңды жолмен шешуге ықпал етпейтін кез-келген әрекетке тыйым салуды сұраймыз. Ең алдымен, бұл жоғарыда аталған ережелер мен академиктерді сайлау критерийлеріне қатысты, ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің президент К.Д. Закарияның ұсынысымен  «Ашық НҚА»-да  жарияланып 396 теріс дауыс  жинаған Ережелері мен критерийлерінен бас тарту қажет!

«ҚР ҰҒА» РҚБ Төралқа өкілдерінің (академиктер: М.Жұрынов, Т.Шарманов, А.Жарменов, Т.Әубәкіров, Д.Сүлеев, М.Қойгелдиев, С.Ақшолақов, К.Жамбакин, В.Локшин және т.б.) және «ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен конструктивті шешімдерге, яғни Президенттің Хаттама шешімін (01.06.2022ж.) жедел және  бұрмалаусыз орындауға алып келетін бірлескен кеңес өткізудітапсыруыңызды сұраймыз,- делінген хатта.

2023 жылғы 20 қазанда және 01 қарашада өткен ҚР ҰҒА жалпы жиналыстарының жұмысына қатысқан ҚР ҰҒА РҚБ барлық академиктері мен корреспондент-мүшелерінің атынан («Қолдау» -100%, «Қарсы»-жоқ», «Қалыс қалғандар» -жоқ деп дауыс берді):

Жиналысқа офлайн және онлайн қатысып қолдағандар:

1. Абдрасилов Болатбек Серикбаевич

2. Абишев Медеу Ержанович

3. Абсадыков Бахыт Нарикбаевич

4. Абсаметов Малис Кудысович

5. Абсаттаров Раушанбек

6. Абусеитова Меруэрт Хуатовна

7. Абылкасымова Алма Есимбековна

8. Адекенов Сергазы Мынжасарович

9. Адилов Жексенбек Макеевич

10. Айтбаев Темиржан Еркасович

11. Алияров Берлисбек Каниевич

12. Алчинбаев Мирзакарим Каримович

13. Амиргалиев Едилхан Несипханович

14. Арзыкулов Жеткерген  Анесович

15. Ахматуллина Назира Бадретдиновна

16. Ашимов Абдыкаппар Ашимович

17. Ашимов Ундасын Байкенович

18. Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы

19. Баешов Абдуали Баешович

20. Байгунчеков Жумадил Жанабаевич

21. Баймаханов Болатбек Бимендиевич

22. Баймуканов Дастанбек Асылбекович

23. Бенберин Валерий Васильевич

24. Берсимбаев Рахметкажи Искендирович

25. Бисенбаев Амангельды Куанбаевич

26. Бисенов Кылышбай Алдабергенович

27. Бишимбаев Валихан Козыкеевич

28. Бишимбаева Назира Козыкеевна

29. Блиев Назарбай Кадырович

30. Буктуков Николай Садвакасович

31. Буркитбаев Мухамбеткали

32. Газалиев Арыстан Мауленович

33. Галиев Сейтгали Жолдасович

34. Грибановский Анатолий Павлович

35. Григорук Владимир Васильевич

36. Даукеев Серикбек Жусупбекович

37. Джусипбеков Умирзак Жумасилович

38. Дюсембин Хабдрахман Дюсембин

39. Дюсенбеков Зайролла Дюсенбекович

40. Елюбаев Сагинтай Зекенович

41. Енсепбаев Талгат Аблаевич

42. Жамбакин Кабыл Жапарович

43. Жарменов Абдрасул Алдашевич

44. Журинов Мурат Журинович

45. Заядан Болатхан Казыханулы

46. Изтаев Ауелбек Изтаевич

47. Итжанова Хорлан Искожиевна

48. Ихсанов Ерсаин Валитханович

49. Кабульдинов Зиябек Ермуханович

50. Кайдарова Диляра Радиковна

51. Калимолдаев Максат Нурадилович

52. Карибаев Берекет Бакытжанулы

53. Кененбаев Серик Барменбекович

54. Кенжебаев Габит Капезович

55. Кешуов Сейтказы Асылсеитович

56. Кожамкулов Толеген Абдисагиевич

57. Койгелдиев Мамбет Кулжабаевич

58. Кохметова Алма Мырзабековна

59. Кошеков Кайрат Темирбаевич

60. Кузденбаева Раиса Салмаганбетовна

61. Кулажанов Куралбек

62. Кулажанов Талгат Куралбекович

63. Кулмагамбетов  Ильяс Райханович

64. Кулсариева Актолкын Турлукановна

65. Кумеков Булат Ешмухамбетович

66. Қажыбек Ерден Задаұлы

67. Локшин Вячеслав Нотанович

68. Мадиев Ускенбай Кабилбекович

69. Мамбетказиев Ережеп Альхаирович

70. Матыжанов Кенжехан Слямжанович

71. Медеу Ахметкал Рахметуллаевич

72. Молдабеков Мейрбек Молдабекович

73. Мукашев Булат Нигматович

74. Мулдахметов Марат Зайнуллович

75. Мусабаев Талгат Амангельдиевич

76. Мухамеджанов Мурат Абикенович

77. Мырхалыков Жумахан Ушкемпирович

78. Насиев Бейбит Насиевич

79. Нукешев Саяхат Оразович

80. Нургожин Талгат Сейтжанович

81. Нуркатова Ляззат Толегеновна

82. Оздоев Султан Мажитович

83. Омбаев Абдирахман Молданазарович

84. Орынбаев Мухит Бармакулы

85. Оспанов Асан Бекешович

86. Оспанов Серик Рапильбекович

87. Ракишев Баян Ракишевич

88. Рамазанов Тлеккабул Сабитович

89. Рау Алексей Григорьевич

90. Рахимов Кайролла Дюсенбаевич

91. Сабикенов Салахиден Нурсариевич

92. Сагитов Абай Оразович

93. Садыкулов Тулеухан Садыкулович

94. Сансызбаев Абылай Рысбайулы

95. Сатаев Марат Исакович

96. Сатыбалдин Азимхан Абилкаирович

97. Северский Игорь Васильевич

98. Сейдуманов Серик Турарович

99. Сейтахметова Наталья Львовна

100. Сейтмуратова Элеонора Юсуповна

101. Сманов Бактияр Урисбаевич

102. Сулеев Досым Касымович

103. Сулейменов Жусупбек Таширбаевич

104. Тажбаев Еркеблан Муратович

105. Таймагамбетов Жакен Кожахметулы

106. Тельтаев Багдат Бурханбайулы

107. Темирбеков Нурлан Муханович

108. Тулеуов Бораш Игликович

109. Тулеуханов Султан

110. Тулешов Амандык Куатович

111. Уалиев Заир Гахипович

112. Укбаев Хисемидулла Искакович

113. Уразалиев Рахим Алмабекович

114. Чоманов Уришбай Чоманович

115. Шарманов Торегельды Шарманович

116. Шаукенова Зарема Каукеновна

117. Юсупов Халидилла Абенович

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button