Азия тынысы

Түркістан: «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен республиканың барлық аймағында «Қыс-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Екі күнге созылатын шара Түлкібас ауданы аумағында өтіп жатыр. Оқу-жаттығу – екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде – облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының қысқы мерзімге дайындығы пысықталады. Ал екінші кезеңде – табиғи және техногендік сипаттағы апат аймағында авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардан туындаған залалдарды жою жұмыстары жүргізіледі.

Қыс мезгілінде ауа-райының күрт өзгеруі әсерінен облыс аумағындағы кейбір жолдарда жыл сайын көлік қозғалысы тоқтайды. Бұл жағдай Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба ауылында жиі орын алады. Қазіргі таңда оқу-жаттығуға тартылған азаматтық қорғау құрылымдарының күштері жолда қалған жолаушыларды қауіпсіз орындарға көшіру, құтқару жұмыстарына дайындық үстінде. Сонымен қатар, олар апаттық жағдайларды жоюға жұмылдырылуда.

Айта кетсек, 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңге дайындықты бақылау бойынша оқу-жаттығулар облыстың қала-аудандарында командалық-штабтық ойындар әдісімен өткізілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button