Азия тынысы

«Түсінбесе, қиындау болады»: Дариға Бадықова ене мен келін туралы айтты

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде келін мен ене тақырыбын қозғап, оған қатысты не ойлайтынын ашық айтты, деп хабарлайды janalyq.asia.

Бұл туралы Nur.kz жазды.

Дариға Бадықова Instagram желісінде өзінен ақыл-кеңес сұраған жас келінге жауап берді.

Сіз келіндердің рөлін көп сомдайсыз ғой. Маған ақыл беріңізші. Енеммен тұрғым келмейді, әр нәрсеге сөйлей береді. Даладан аяқ киіммен кіріп, төрге дейін жүреді. Бар жағдайын жасап отырмыз, сонда да жақпаймыз. Не істерімді білмеймін, – деп шағымданды келіншек.

Актриса жанайқайын жеткізген жас келінге жауап беріп, келелі кеңесін беруге тырысты.

Аяқ киіммен үйге кіріп келетін енені аямауым мүмкін. Мен ақыл айта алмаймын. Әр үйдің тәртібі басқа ғой. Біз әр түрліміз ғой. Оның үстіне менің мінезім тік, жаман айтып тастауым мүмкін. Бірақ күйеуіңізбен отырып сөйлесіңіз. Сол кісі үйдегі адамдардың статусын жақсы ажыратып түсінбесе қиындау болады. Ана да керек, әйел де керек. Жалпы әйелдердің аузын жаба алатындай еркектік мінезі болу керек, – деді өнер иесі.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button