Азия тынысы

Өскеменде танымал спортшыны басынан атып кеткен

Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде боксшы Эльер Юнусметовті атып кетті, деп хабарлайды Janalyq.asia.

Қанды қылмыс тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаскөй 34 жастағы Эльер Юнусметовтің басынан екі рет атқан, спортшы сол жерде қаза болған.

Былғары қолғап шеберіне оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды. 27 жастағы ер адам мұндай әрекетке әйелін қызғанып барғанын айтты.

ШҚО полициясы өзге ақпарат жария етуге келмейді деп отыр.

Марқұм Юнусметов бокстан, кикбокстан, тай боксы мен жауынгерлік самбодан және қоян-қолтық жекпе-жектен халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған.

Өмірінің соңғы жылдарында ол бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинтен жарыстарға шығып жүрген.

Әскери борышын өтеп, колледжде білім алған спортшыны туған жерінде жерлеу рәсімі өтті.

Фото: Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button