Мәдениет және туризм

Түркістан: ауыл мектептерінің оқушыларына арналған экскурсия басталды

Бүгін «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен «Turkistan Travel Fest» шарасы аясында Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін арнайы тур басталды. Турдың алғашқы күнінде Шолаққорған ауылынан келген балалар Кентау трансформатор зауыты, Ұлы Дала музейі мен «Farab» кітапханаларын аралайды. Экскурсия барысында оқушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттар берілуде, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Тур – оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу, техникалық мамандықтарға басымдық беру, өнеркәсіптік кәсіпорындармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Балалармен бірге жергілікті БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Жоба аясында Түркістан облысындағы 5 ауыл, яғни Шолаққорған, Ораңғай, Шорнақ, Ынталы және Ынтымақ ауылдарынан жалпы саны 150 бала қатысады. Оқушыларға арналған экскурсия 13-17 қараша аралығында жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button