Азия тынысы

Шымкенттегі қарттар үйінде танысқан екі қария үйленді

Қос ардагердің қуанышына орай той жасалды.

Шымкентте №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы екі қарт үйленді, деп Janalyq.Asia хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

72 жастағы Рақымқұл Бегалыұлы мен 62 жастағы Найла Мұхаммедқызы қарттар үйінде танысып, бас қосқан. Екеуі де №10 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 2023 жылғы маусымда келген. Жыл аяғына қарай қос ардагер үйленуге шешім қабылдап, 23 қарашада заңды некеге тұрған.

Тойға қарттар үйінің қызметкерлері, жұбайлардың замандас-құрдастары қатысты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қуаныш иелерін үйлену тойымен құттықтады.

«Бақытты болуға ниет еткен адамға уақыт кедергі емес екенін өздеріңіз тағы бір рет дәлелдедіңіздер. Көңілі жарасқан адам қандай кезде де бір-біріне сүйеу. Сіздерді бүгінгі шаттық күнмен құттықтай отырып, осы тойға атсалысқан барша жанға алғыс айтамын», – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қазір №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 47 қызмет алушы бар. Оның 15-і әйел, 32-сі ер адам.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button