Азия тынысы

Шымкентте таныстарын мас күйде пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Шымкентте екі танысын пышақтап мас күйде өлтірген әйел сотталды, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 19 шілдесі күні Көксай-2 шағын ауданында болған. Алкогольдік ішімдік ішкен топ түсініспеушілік туындап, кісі өлімі орын алды. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні кінәлі деп танып, 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сот сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін белгілеген кезде оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінуін ескерді, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button