Азия тынысы

«Сабаққа қоспады»: Айнұр Тұрсынбаеваның курсын сатып алғандар ашуланып жатыр

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кезекті марафонын бастады, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ғажайып 2024» марафонына бүгінде 9 мыңға жуық адам тіркеліп үлгерген. Сабақтың құны — 7 мың теңгені құрайды.

Бұл марафонда 2024 жылға мақсаттар жазып, оларды орындау үшін нақты техникалар беріледі, — деп жазған Айнұр Тұрсынбаева.

Алайда, сабақтың ақшасын төлеп, қосыла алмай жатқан қыз-келіншектердің қарасы қалың.

«Ақшасын төледік, ватсапқа қоспады», «Мен де бірінші күні төлегенмін, неге қоспады, бір сағат күттім», «Ақшасын төледік, неге бізді қоспады», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button