Орталық Азия

Қазақстан Елшісі Әзербайжан Ұлттық кітапханасына барды

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Ұлттық кітапханасының директоры Кәрім Тахировпен кездесті, деп хабарлайды janalyq.asia.

Кездесу барысында тараптар биылғы жылдың маңызды мерейтойлық күндерін, атап айтқанда, Әзербайжан Ұлттық кітапханасының 100-жылдығын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Кемел Тоқаевтың 100-жылдығын, сондай-ақ белгілі әзербайжандық жазушы мен әдебиет сыншысы Мир Жалал Пашаевтың 115-жылдығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Қ. Тахиров қазақстандық дипломатты Ұлттық кітапхананың жұмысымен таныстырып, 2019 жылы VI Баку халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында құрылған қазақ әдебиеті мен мәдениетінің бұрышы туралы ақпарат берді, сондай-ақ Гейдар Әлиев бұрышы, оқу залы, балалар әдебиеті бөлімі, сирек кітаптар мен қолжазбалар мұражайы сияқты кітапхананың бірқатар бөлімдері бойынша экскурсия өткізді.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button