Азия тынысы

Павлодар облысының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

Ұлы Отан соғысына қатысқан Мария Курбатованы жүз жасқа келуімен Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмасбек Бұхарбаев және «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Жан Қаратаев келді, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

Майдангерге Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат тапсырған подполковник Алмасбек Бұхарбаев: «Азат етуші батырларымыз мәңгі жадымызда сақталады. Ал ардагерлерге қамқорлық жасау – әр әскери қызметшінің міндеті, – деді.

Мария Курбатова 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысының Воронцовка ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде ол көшпелі госпитальда жаралыларға көмек көрсетті. 1943 жылы майданға барар алдында Мәскеу облысындағы мергендерді даярлау жөніндегі нұсқаушылардың орталық мектебін үздік бітірді.

Аға сержант Мария Курбатова 138-ші Қызыл Ту атқыштар дивизиясы 650-ші Суворов ордені атқыштар полкінің құрамында шайқасты. Украина, Польша, Чехословакияны азат етуге атсалысты.

Соғыс аяқталғанда Павлодарға оралып, орта мектепте алғашқы әскери дайындықтан сабақ берді. Мария Даниловна Отан соғысы, Жуков ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Ардагердің туыстары әскери қызметшілердің көрсеткен қамқорлығына риза болып, шын жүректен алғысын білдірді.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button