Азия тынысы

Армия спортшылары грек-рим күресінен әлем чемпионатында «алтын» мен «күміс» олжалады

Албания астанасы Тиранда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен күрестен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.

67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған армия спортшысы Сұлтан Әсетұлы қарсыластарына дес бермей, алтыннан алқа тағынды.

Ақтық сында ол түрік спортшысы Мұстафа Йылдырымды 2:1 есебімен ұтты.

– Грек-рим күресінен біздің спортшылар әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Мақсатымыз да осы турнирде жеңіске жету болатын. Оған қол жеткіздік. Сұлтан спортшыға тән мінез бен мықтылығы бар кәсіпқой екенін дәлелдеді, – деді балуанның жаттықтырушысы Марат Қуатов.

Қазақстан командасының қоржынына күміс жүлдені 55 келіге дейінгі салмақта Исхар Құрбаев салды. Соңғы кездесуде ол грузин балуаны Георгий Токхадзеге есе жіберді.

Айта кету керек, Сұлтан Әсетұлы – 23 жасқа дейінгі санаттағылар ішінде әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық балуан.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button