Азия тынысы

Отандық ғалым онкология саласында жаңалық ашты

Дос Жармұханбетұлы DVC препаратын шығарып, онкологиялық аурулардың таралу жасушасын тоқтатуға ықпал етудің жолын ойлап тапты.

Отандық биотехнолог, ғалым Дос Сарбасов онкология саласында маңызы зор ғылыми жаңалық ашты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп Janalyq.Asia хабарлайды Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаһандық онкологтар мұның себебімен күресіп, оған қарсы тұрарлық барлық шараларды ғылыми тұрғыдан іздену үстінде. Дей тұрғанмен, мұның төте жолы оңайлықпен табыла салмасы анық. Ізденген жетер мұратқа демекші, осындай салмақты, әлем жұртшылығын ойлантқан мәселенің жауабын отандық биотехнолог, ғалым Дос Сарбасовтың тапқаны шын мәнінде үлкен ғылыми жаңалық болды. Дос Жармұханбетұлы Американың Техас университетіндегі Андерсон онкологиялық орталығында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген. Қазіргі таңда еліміздегі ұлттық зертхананың жетекшісі. Бүгінде биотехнолог болғанына қарамастан, онкология саласында белсенді жұмыс істеп келеді. Медицина мамандарының айтуынша, онкологиялық аурулардың метаболизмі жоғары болып келеді. Яғни жасушасы тез тарап, лезде көбейеді. Осының алдын алу үшін Дос Жармұханбетұлы DVC препаратын шығарып, онкологиялық аурулардың таралу жасушасын тоқтатуға ықпал етудің жолын ойлап тапты, – деп жазды министр.

DVC-ді шығарудың алғашқы механизмі 2015 жылы басталған. Ғалымның ғылыми жаңалығының негізінде ашығу мен содан туатын емдік эффект – аутофагияны рак жасушаларын жоюға қолдану тәсілі жатыр.

Аутофагия құбылысын түсінгеннен кейін алдымызға «рак клеткаларын жою үшін адам қанша уақыт ашығуы тиіс?» – деген сауал қойдық. Зерттеу барысында ағзаға глюкоза жетіспеген кезде, жасуша аутофагия құбылысын іске қосатынын анықтадық. Ал 48 сағат бойы ашыққан адамның ағзасындағы қатерлі ісік жазушалары жойылатыны белгілі болды, – деп атап өтті биотехнолог ғалым.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button