Азия тынысы

Димаш пен Мансұр Құдайбергеновтер тыңдармандарын таңғалдырды

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенов пен туған інісі Мансұр Құдайбергеннің орындауындағы «Өмір» әні көпшіліктің көңілінен шықты, деп Janalyq.Asia хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергенов Instagram парақшасында «Өмір» әнін жанды дауыста орындаған бейнежазбасын жариялады. Інісі Мансұр Құдайберген гитарада ойнап, сүйемелдеп тұр.

Қос өнерпаздың тыңдармандары таңданыстарын жасырмай, жарыса пікір білдіріп жатыр.

«Рақмет, Димаш, осындай әндерің үшін», «Әлемдегі ең керемет ән», «Әсерлі орындау», — деп жазып жатыр желі қолданушылары. Димаш Құдайбергеннің шетелдік тыңдармандары керемет туынды үшін алғыс айтып жатыр.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button