Азия тынысы

Мәжіліс депутаттары жылу электр станциясының жұмысымен танысты

2024 жылдың 1 шілдесінен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының аймақтарға іс-сапарлары басталды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесіп, 10  шілдеге дейін «АМАNАТ» партиясы Сайлауалды бағдарламасы Жол картасының нысандарын аралайды.

Жоспарға сәйкес, Дүйсенбай Тұрғанов, Павел Казанцев, Самат Нұртаза, Марат Башимов, Татьяна Савельева, Снежанна Имашева сынды ҚР Парламенті Мәжілісінің бірқатар депутаттары «АМАNАТ» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Жол картасы» аясында салынып жатқан «Тұран» ГЖС-ның жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

Қаланы жылумен қамту – Мемлекет басшысының бақылауында тұрған елорданы дамытудың басым бағыты. Нысан жұмысымен танысуға, қызметкерлердің ұсынысы мен өтініштерін тыңдауға Астана қаласы Мәслихатының депутаттары, «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ өкілдері, «АМАNАТ» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы кеңес мүшелері де барды.

Қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету үшін «АМАNАТ» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Жол картасы» аясында «Тұран» газ жылу станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Тұран» ГЖС  1-ші қазандық тобы 2023 жылы пайдалануға берілген. Ал 2-ші қазандық тобының құрылысы 98 пайызға, 3-ші қазандық тобының құрылысы 30 пайызға аяқталған.

«Әзірше түбегейлі шешімін таппаған мәселе – жылу желілерінің құрылысы. Бұл мәселені осы жерде көтеріп, талқылап үлгердік. Қала әкімшілігі тиісті сметалық-жобалық құжаттамаларын дайындап жатыр. Бұл көп күттірмейтін, барынша жылдап әрі тиімді тәсілмен шешілуі тиіс мәселе. Осы мәселенің оң шешімін табуы – күллі қаланы уақытылы, сапалы түрде жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

«Қорғалжын» тас жолы ауданындағы бұл қазандық жылу тапшылығы бар негізгі аудандарды және Сығанақ көшесінің оңтүстігінде, Тұран даңғылының батысында перспективалы құрылыс аудандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Ellington» көпфункционалды отбасылық-ойын-сауық туристік ауданының, Қазақстандық ипотекалық компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешендерінің және Қорғалжын тас жолы мен С.Сейфуллин көшесі арасындағы Аралдың жаңа құрылыс нысандарын жылумен қамтамасыз етеді.

2024 жылдың жылыту маусымы басталғанда Нұра ауданындағы жеке жылыту станцияларына қосылған тұрғын үйлер «Тұран» ГЖС орталық жылу жүйесіне қосылады.

«2023 жылдан бастап біз профицит деңгейіне келіп жатырмыз. Яғни жылу желілеріне жаңа үйлерді қосуға ешқандай шектеулер және жылу желілерімен байланысты қандай да бір ақаулар жоқ. Үш станция жаңадан қосылған бізге қажетті гидравликалық режимді ұстауға мүмкіндік береді. Елорданы қиындықсыз, артық шығынсыз жылумен қамтамасыз ете аламыз», – дейді Астана қаласының Энергетика басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Есмағұлов.

2023 жылы «Тұран» ГЖС-ның қуаты 350 Гкал/сағ болатын 6 қазандығы бар 1-кезектің құрылысы аяқталған болса,  биыл қуаты 250 Гкал/сағ болатын 4 қазандығы бар 2-кезекті аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, «Тұран» ГЖС-да 95 адам жұмыс істейді.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ өкілдерін мазалаған мәселелердің оң шешімін табуға атсалысатынын, 2-кезектің іске қосылуын бақылауда ұстайтынын айтты.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button