Азия тұлғалары

Елордада экоакцияға БАҚ өкілдері қатысты

Бүгін AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қарасу өзенінің жағасында бейсенбілік өтті.

«Бұл экоакция осымен 4-ші рет өткізіліп жатыр. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – әртүрлі сала өкілдерінің қатысуы. Сондай-ақ журналистер де тазалық жұмыстарына белсенді түрде жүргізіп жатыр. Экоакцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті арттыру және табиғатты таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, — деді AMANAT партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Экоакцияның бүгінгі тақырыбы БАҚ өкілдерінің кәсіби мейрамына орай журналистерге арналған.

«Бүгін біз AMANAT партиясының шақыруымен тазалық акциясына қатысып жатырмыз. Қарасу өзенінің жағасын күл-қоқыстан тазарттық. Жыл сайын мұнда демалушылар келеді. Соған орай шашылған қоқыстар көп екен», — деді «Астана» телеарнасының журналисі Айдана Қайрат.

Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің мұғалімі Нұрлыбек Амандықұлы.

«Мұндай экоакцияға жиі қатысып тұрамын. Өткен бейсенбіде Сарыарқа ауданын тазалауға атсалыстық. Бұл жоба өте қажет. Өзім география пәнінің мұғалімі болғандықтан оқушылпрға эко бағытта тәлім-тәрбие береміз. Сондай-ақ олармен осындай шараларға қатысып тұрамыз», — деді ұстаз.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» атты экоакция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында әр апта сайын өткізіліп жатыр.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button