Азия тынысы

Бағалы сыйлақтар ұтысы өтті

Ailand Family Run алғашқы отбасылық жарысы өтті.

Қатысушылар 2.5 шақырымға жүгірді. Соңғы жүгіруші мәреге жеткеннен кейін жарыстың бас демеушісі – Ailand орталығы жарысқа қатысқандардың арасында iPhone 15, планшет және ноутбук сияқты бағалы сыйлықтар ұтысын өткізді.

«АМАNАТ» партиясы Астана қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отырған Ailand Family Run жарысының қонақтары түрлі байқаулар және ұтыстарға қатысып, аниматорлардың қойылымын тамашалады.

1 маусымы сағат 12:00-де елордалық Триатлон саябағынада өткен жарысқа ерекше қажеттілігі бар жандар да қатысты. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

«Ailand» жанұялық демалыс орталығы қалалық спорттық, мәдени-танымдық жарыстар мен жобаларды үнемі белсенді түрде қолдайды. Сонымен қатар, қайырымдылық қорларымен тұрақты түрде жұмыс істейді.

Ailand Family Run-да жеңімпаздар мен жеңілгендер жоқ.  Әрбір қатысушыға керемет сыйлықтар берілді. Жарысқа «Ailand» орталығының, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұжымы, елордалық блогерлер мен танымал спортшылар да қатысты.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button