Азия тынысы

«Елдің батасы қабыл болды». Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Айтыскер ақын Қазырет Бердіхан Instagram парақшасында Жүрсін Ерманның жағдайы туралы жақсы жаңалық айтты, деп Janalyq.Asia хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін ерекше қуанышты күн болды. Әдеттегідей Жүрсін ағамызды дәрігеріне апаруға үйіне бардым. Сөйтсем, көкеміз есік алдына шығып күтіп тұр. Арбасы жоқ. Қолында таяғы ғана. Қуанып кеттім. Сол арбаның серік болғанына бір жылдан асып еді. Ақыры керегі болмай қалды. Аяққа тұрды, елдің батасы қабыл болды деген осы шығар! Бұйырса осы фотодағыдай ортамызда күліп жүріуді нәсіп етсін, — деп жазды Қазырет Бердіхан. 

Айта кетейік, 70 жасты еңсерген ақын Жүрсін Ерман дүниеден озған Несіпбек Айтұлының өзінің мәңгілік досы болғанын, оның қазасынан кейін есеңгіреп қалғанын айтқан еді.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button