Азия тынысы

Асхат Аймағамбетов трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге араша түсті

Бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазір мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге қатысты пікір білдірді, деп Janalyq.Asia хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Екі мұғалім ақысыз демалыс алып, трансвеститтер клубында көңіл көтерген еді. Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап еткен. Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бұл «демалысы» мектеп басшылығына ұнамай, жиналыс өткізген. Осыдан кейін екі педагог та өз еріктерімен жұмыстан кетті.

Аймағамбетов мұғалімдер де өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін, сондықтан алдымен жағдайды түсінген жөн екенін еске салды.

Мұғалімдер де – бәріміз сияқты азамат. Олардың құқығын шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ біз олар қарапайым азаматтар екенін түсінуіміз керек, – деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл жағдайда істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін білу керек.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button