Азия тынысы

Боран салдарынан жолда қалғандарға нан 1300 теңгеден сатылған

Ақтөбе облысында боран салдарынан жолда қалғандарға нан қымбат сатылыпты, деп Janalyq.Asia  хабарлайжы El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Самара – Шымкент тас жолының Хромтау қаласы мен Қобда ауылына дейінгі аумағында жүзге жуық көлік кептелісте қалды. Олар жолдың жабылуына байланысты бір жерде тұр. Осы кезді пайдаланған алыпсатарлар бір бөлке нанды 1300 теңгеден саудалаған. Бірақ аудан басшылары жолда қалғандарға қымбат баға ұсынған кімдер екенін сол күйі анықтай алмады.

Жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары нан бағасын себепсіз көтермеген.

Ал Ақтөбеден шығар тұста Өзбекстан азаматтары мінген алты автобус боранда қарға батып қалған. Жолаушылар арасында он бала бар. Оларға қажетті ас-су мен дәрі дәрмек жеткізіліп, шетелдіктер сапарын жалғастырыпты.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button