Азия тынысы

Ақмола облысында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің тоғызыншы қабатынан секірді

Қайғылы жағдай 5 ақпанда Бурабай кентінде болған, деп хабарлайды Janalyq.Asia.

«Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-шы қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды», — делінген Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button