Орталық Азия

Бішкекте «өте ауыр қылмыс» бойынша іздеуде болған қазақстандықтар ұсталды

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі «өте ауыр қылмыс жасады» деп күдікке ілініп, халықаралық іздеуде болған Қазақстанның үш азаматын ұстағанын хабарлады, деп хабарлайды janalyq.asia.

Қырғызстанның ІІМ мәліметінше, ұсталғандардың бірі – Қазақстанның Жамбыл облысы Шу ауданында 2000 жылы туған Ш.М. есімді адам. Ол «адам өлтірді» деген күдікке ілінген.

Ақпаратқа қарағанда, оны Бішкектегі сауда кешендерінің бірінде «бет-жүзді анықтайтын» камераның көмегімен ұстаған.

«Алайда сол күні оны куәліктен өткізу үшін емдеу мекемесіне апарған кезде кешке жақын сол жерден қашып кеткен» деді ведомство өкілдері. Қашқан адамды милиция 29 тамызда Бішкектің «Тунгуч» ықшамауданында жалдаған пәтерінен ұстап, қамауға алған.

Сол күні Қырғызстан ІІМ қазақстандық әріптестерімен бірге Қазақстанның Ақмола облысының 1995 жылғы тұрғыны А.Д. есімді адамды да ұстаған. Ол «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» (106-бап) бойынша күдікке ілінген.

Бұған қоса, шілденің соңында Бішкектегі қонақүйлердің бірінде 1992 жылы туған Алматы тұрғыны ұсталған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ол Алматыда шілде айында кісі қолынан қаза болған 28 жастағы фитнес-тренер Дамир Төребаевтың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген.

Ұсталған екі адам да қамауға алынған.

Биыл маусым айында Қырғызстанның күштік құрылымдары ТМД елдерінде халықаралық іздеу жарияланған адамдарды анықтайтын жүйенің іске қосылғанын хабарлаған. Осы айда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Жеке дерекпен алмасу саласында әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойған. Оған сәйес, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өз азаматтарының жеке деректерімен алмасады.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button