Азия тынысы

«Жүректеріміз мәңгі бірге». Екі баласын өлтірген әйелдің соңғы жазбасы жарияланды

Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің соңғы жазбасы белгілі болды,  деп Janalyq.Asia хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде жұмыс істеген  31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен, үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған. Ертеңіне, жалдамалы пәтерде 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтіргені белгілі болды.

Осы оқиғаның алдында келіншек өзінің Instagram-дағы парақшасына балалары мен өзінің қолының суретін салып, «Жүректеріміз мәңгі бірге» деген жазба қалдырып, оған «Бізге берілген уақыт аз ғана» деген әнді қосқан.

Келіншекті мұндай қадамға не итермелегені әлі белгісіз. Жақындары мен таныстары оның ақкөңіл, ашық мінезді жан екенін айтады. Балаларын да қатты жақсы көрген екен.

Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button