Азия тынысы

Жергілікті өзін-өзі басқарудағы жаңа реформалардың тиімділігі

Астана қаласының Достық үйінде профессор оқытушылар, PhD – доктор және магистранттар, студенттер қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш жиында постдокторант (ЖТН №АР15473291) Болысбек Мұхаммед Әбдіәшімұлы зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Мухаммед Әбдіәшімұлының айтуынша: жергілікті өзін-өзі басқару ісінде өзгерістердің қабылдануы заман талабына сай заңдылық. Себебі, қазіргі таңда қоғаммен бірге жаңа заманауи технологияның күрт дамуы әсерінен саяси жүйенің қандай деңгейі болмасын өзгерісті талап етеді.

Әлемдік тәжірибе жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлі факторлардың әсерінен тарихи қалыптасқан әр алуан түрлері мен нысандары бар екенін көрсетеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың нысандары мен әдістерінің эволюциясы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы бағытында жүзеге асады. Осыған байланысты бұл елдердегі жергілікті өзін-өзі басқару үлгілерінің қолданыстағы түрлері жергілікті дәстүрлерге, әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, халықтың менталитетіне, елдің экономикалық даму деңгейіне және басқа да жағдайларға барынша бейімделген.

Қазақстанда мемлекеттік құрылыстың жалпы стратегиясын әзірлеу кезінде өзге елдердің жергілікті өзін-өзі басқаруды даму тәжірибесі сыни тұрғыдан ұғынылуы, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке бейімделуі ескерілуі тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқаруы тиіс.

Қоғам – адам өмірінің барлық: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, мәдени, экологиялық салалары тоғысқан күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетінше және жауапкершілікпен шешуге нақты мүмкіндік беру қажет.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру азаматтық қоғамның қалыптасуымен, дамуымен, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті қоғамдастықтың өміріне тікелей әсер ететін басқа да факторлармен және жағдайлармен байланысты көп сатылы және серпінді процесс. Жалпы және жергілікті жағдайлардың өзгеруіне қарай басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі өзгеріп, осы өзгерістерге бейімделуі керек. Осыған сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының әрбір кезеңінде өзіндік нақты міндеттер шешілуі тиіс.

М. Болысбек – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы
Аталмыш мақала ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитетімен қаржыландырылды (ЖТН №АР15473291)

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button