Орталық Азия

Жасанды интеллект жалған ақпаратты таниды ма?

Алматыда өткен «Фараби әлемі” оқулары Халықаралық форумында жасанды интеллект беру қажеттілігі туралы талқыланды, деп хабарлайды janalyq.asia, qazaqstan.tv ақпаратқа сүйене отырып.

Мамандардың айтуынша, журналистика саласында берілген ақпараттың қауіпсіздігі ескерілмейді дейді кейбір мамандар.

Қазіргі уақытта БАҚ өкілдерінің жұмысын жеңілдетуге арналған чат -боттар қолданысқа кеңінен енуде. Енді жасанды интеллект арқылы ақпараттың қауіпсіздігі мен дәлдігін анықтайтын платформа әзірлеуіміз керек.

Гүлмира Сұлтанбаева, саяси ғылымдарының докторы, профессор:

Фактчекинг мәселесінде жасанды интеллектің атқаратын рөлі бар. себебі бұл деректерде шынайы, шынайы еместігін ол модельдегі белгілі бір деректер қоры өзіндегі бар дедлайн мерзімге дейін. Мәселен мен Қазақстан туралы өтінім жібергенімде олардың деректік қорында 21 жылға дейін деректер бар. Одан бері қарай жаңаланбаған. Жасанды интеллектің біздің Қазақстандағы кеңінен қолданысындағы шектеулер базаның әлі де болса жаңа еместігін білдіреді,- дейді Гүлмира ханым.

Ендігі уақытта OPENAI CHATHPT платформаларының қазақша нұсқасы әзірленуде. Соның ішіндк осы бағдарламаның қазақ тілінде дамуына Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарының еңбегі зор. Мамандар қазір осы нұсқасын дайындар жатыр екен.

Жасанды интеллектке негізделген чат-боттар, қазақ тілінің әдеби, ғылыми стильдегі қолданыс аясының дамуына мүмкіндік бермек.

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button