Жапониядан Украинаға қаржылай қолдау
![](https://janalyq.asia/wp-content/uploads/2024/02/624e847e5f9ae-780x470.jpg)
Токиода өтетін конференция аясында ынтымақтастық меморандумына қол қойылады, деп хабарлайды Janalyq.Asia.
Жапон үкіметі Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіруге қоса 7 түрлі салаға 15,8 миллиард иен (106 миллион доллар) көлемінде қолдау көрсетеді.
Ресми Киодо агенттігінің министрлер кабинетіндегі дереккөздеріне сүйеніп берген хабарына қарағанда ертең Токиода өтетін «Экономиканы қайта құру жөніндегі Жапония-Украина конференциясында» 10-нан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойылады.
Конференцияға Жапония премьер-министрі Кишида Фумио және Украина премьер-министрі Денис Шмигалға қоса, екі ел бюрократия өкілдері мен іскер әлемінен 300-ден астам шенеунік қатысады.
Жапония Орталық үкіметі бюджетінен Украинаға 7 түрлі салада, соның ішінде Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіру және миналарды тазарту мақсатында 15,8 миллиард иен қаржы бөледі.