Орталық Азия

Зертханалық кабинет – оқушының ғылыми ізденісінің бастауы

Білім мен ғылымның адамзат өркениетін алға жетелейтін  ең тиімді күш екендігіне әлемдегі дамыған мемлекеттердің тәжірбиесі мен өткен тарихы куә. Желдің қайдан соғатынын ерте аңғарған ойшыл Абайдың «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деуі де жайдан-жай емес. Болашақ елдің дамуына әсер ететін тұлғалардың танымдық көзқарастарының мектеп қабырғасыннан бастап қалыптасатынын ескерсек, ел бесігінің жайлы болуын қамтамасыз ету  ̶  мемлекеттік саясаттың басты міндетінің бірі. Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап бүгінге дейін ауыл мектебі мен қала мектебінің оқыту сапасының арасындағы алшақтық ұлғайды. Осы кемшілікті жою үшін Жаңа Қазақстан үкіметі білім беру мәселесіне байланысты бірнеше реформалық бағдарламалар қабылдады. Соның бірі – «Білімді ұлт» сапалы білім беру.

ХХІ ғасырдағы оқытудағы ең маңызды мәселелерді үш сұрақтың аясына сиғызуға болады. Олар:  Нені? Қалай? Не үшін? Әуелі нені оқытуға тоқталсақ. Фундаменталды білімдердің қазіргі таңда оқытылуына аса мән берілуде. Оған: физика, химия, биология сынды ғылымдардың жетістіктері дәдел бола алады. Таяқтың екі ұшы бар сияқты, бұл ғылымдардың теориясын, практикалық тәжірбиесіз толықтай меңгеру қиын. Сондықтан мемлекет басшысының ұйымдастырумен құрылған «Қазақстан халқына» қоры ауыл мектептерінің кабинеттерін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге кірісті. Осындай игі бастаманың нәтижесінде 2023 жылдың екінші жартысында Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы № 45  жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында химия, биология, физика кабинеттері толықтай жаңартылып, жаңа практика жасайтын құрылғылармен толықтырылды.

«Қалай оқыту керек?» деген сұрақ та өз шешімін тауып жатыр. «Алматы облысының ауыл мектептеріне «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірбиесін енгізу» жобасы аясында мектебіміздің мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Соның ішінде жаратылыстану пәнінің мұғалімдері оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды оқыту және зертханалық-практикалық жұмыстарды жүргізу бойынша пәндік құзыреттілікті арттыратын курсқа қатысып, жаңа кабинеттерде өткізілетін тәжірбиелік сабақтарға құлшына кірісті.

«Не үшін оқыту?» сұрағына тоқталар болсақ, мектептің материалдық базасы толық болған жағдайда, оқушылардың оқу сапасының артатыны белгілі. Өз кезегінде білімді ұрпақ елдің дамуына үлкен үлес қоса алады. Бұдан шығар қорытынды, білімге салынған инвистицияның қайтарымы шексіз деген сөз.

Жаңа кабинеттер білім беруге қала әсер етеді? Оның артықшылықтары неде? сияқты заңды сұрақтардың туындайтыны даусыз. Сондықтан, кабинеттердің артықшылықтарына жекелей тоқталып өтсек.

Физика кабинеті. Физика кабинеті интерактивті тақтамен, проектормен, маркерлік (мобильді) тақтамен, компьютерлік техникамен, веб-камерамен, заманауи теледидармен, зертханалық және практикалық жұмыстарға арналған жиынтықтармен жабдықталған. Кабинетте көрнекілік және дидактикалық материалдарға арналған шкаф жиһазы, демонстрациялық үстелмен біріктірілген ыңғайлы мұғалім үстелі бар. Сонымен қатар, демонстрациялық тәжірибелерге, практикалық сабақтарға арналған сапалы, әр түрлі жабдықтар физика мұғалімі үшін айтарлықтай маңызды көмекші бола алады. Механика бөлімі бойынша: Паскаль шары, Архимед ыдысы, Ньютон трубасы, қатынас ыдыстар. Астрономия бөлімі бойынша: аспан сферасының моделі, телескоп. Электростатика бөлімі бойынша: электрофонды машина, әмбебап трансформатор, электродинамика комплектсі. Оптика бөлімі бойынша: микроскоп, набор интерференция, дифракция және жарықтардың поляризациясы. Термодинамика бөлімі бойынша: калориметр,сұйық термометр бар. Келген құрал жабдықтардың ішінде заман талабына сай сымсыз цифрлы «PASCO» құралдары бар. Бұл құралдармен жұмыс жасаудың тиімділігі оқушылар көзбен көріп қолмен ұстау нәтижесінде өз білімдерін жетілдіреді.

Химия кабинеті. Химия кабинетін жабдықтауға келген материалдар мен жабдықтар: өлшеуіш құралдар, зертханалық құралдар мен жабдықтар, реактивтер (тұздар,қышқылдар мен сілтілер). Құрал-жабдықтар 7-11-сынып зертханалық жұмыстарын жүргізуге жарамды. Барлық реактивтер мен жабдықтар қолданысқа қолайлы. Құралдар мен реактивтер оқу бағдарламасының зертханалық жұмыстарына қолданылып жатыр. Мысалы,  10-сыныптағы «Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар» тақырыбына арналған құралдар қолданылады. 9-сыныптың «Электролиттік диссоциация мәні» тақырыбында ерітінді арқылы тоқтың өтуін анықтайтын құралдар пайдаланылады. 9-сыныптың «Элеткролиз» тақырыбында металдарды бөліп алуға арналған құрылғылар пайдаланылады. 8-сыныптың «Оксидтер, қышқылдар, сілтілер мен тұздар» тақырыбында барлық реактивтерді пайдаланып, тәжірбие жасалады. 7-сыныптың «Ерітінділердің ортансын анықтау» тақырыбында индикаторларды толық пайдаланылады .11- сыныптың «Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртегі атомдарын анықтау» тақырыбында модель құрастыруға арналған құралдар тиімді пайланылып жатыр. 11-сыныптың «Аммоний және сульфат иондарына сапалық реакция» тақырыбында сапалық реакция жүргізуге арналған ыдыстар мен реактивтерді пайдаланады.

Биология кабинеті. Биология кабинеті толықтай жаңа құрал-жабдықтармен, интерактивті тақта, оқушы орындығы, партасы және күнделікті сабаққа қолданатын көрнекіліктер, сонымен қатар зертханалық жұмыстарды жасауға арналған заманауи жаңа «PASСO» құралымен қамтамасыз етілді.  Құрал-жабдықтар көбіне  7-8-сыныптардың оқу бағдарламасына негізделген. Атап айтар болсақ, жасушалық биология, заттардың тасымалдануы, қоректену, бөліп шығару, тыныс алу, қозғалыс, координация және реттелу, тұқымқуалаушылық бөлімдері толықтай қамтылған. Одан бөлек, электронды микроскоп, мобильді зертхана, гербарий, жануарлардың қаңқасы, Мендель тәжірибелеріне бағытталған есеп шығаруға арналған үлестірме карточкалар, моноблок, принтер бар.

Ойымызды қорытындылайтын болсақ, Ауыл мектебін дамытуға арналған бағдарламалар: педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыруға, олимпиадалық қозғалысты дамытуға, құндылықтар негізінде білім беру, оқушының күнделікті оқу бағдарламасы бойынша теориялық тұрғыдан өтілген тақырыптарды зертханалық жұмыс жасау арқылы ойлаудың жоғары деңгейіндегі  білім, білік, дағды қалыптастыруда үлкен септігін тизігуде. Тәжірбиеге негізделетін империкалық зерттеу дағдыларының оқушы бойында қалыптаса бастауы – болашақта елімізден ұлы өнертапқыштар мен ғалымдардың шығатына сенімізді молайтады.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы

№ 45 орта мектеп-гимназия директоры

Абдикалыкова Жанаргуль Кенжебековна

Қатысты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button