Орталық Азия

Ұшатын такси қызметке берілді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ұшатын такси қызметін бастады, деп хабарлайды Janalyq.Asia.

«WAM» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Дубай ұшатын такси қызметке берілген алғашқы қала атанды. Таксиде бір ұшқышпен бірге 4 жолаушы саяхаттай алады.

Көліктің ұшу қашықтығы- 161 км. Жылдамдығы да 320 км/сағатқа жетеді. Ұшатын таксидің Дубай Халықаралық әуежайы маңында, қала орталығында, Дубай Маринада және Пальм Джумейрада, барлығы 4 стансасы болады.

Ұшатын такси арқылы әуежайдан Пальм Джумейраға дейінгі 45 минуттық жол 10 минутқа қысқарады.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button