Азия тынысы

«Үйде отырмаймын»: Ерке Есмахан тосын мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта декреттік демалыста отырған танымал әнші Ерке Есмахан ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп Janalyq.Asia.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі ұлын қырқынан шығарған соң, әншілік мансабын қайта жалғастыратынын айтып, оқырмандарын қуантып қойды.

«Енді үйде отырмаймын, ұлымды қасыма алып ақырындап жұмысқа қосыламыз», деді Ерке Есмахан.

Алайда кейбір оқырмандары баласының әлі кішкентай екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.

Еске сала кетейік, жұлдызды жұп Райым Бақтыгереев пен Ерке Есмаханның отбасында жақында Ислам есімді сәби дүниеге келген еді.

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button