Азия тынысы

Түркістанның «Тұран» ерлер командасы гандболдан 3 дүркін ел чемпионы атанды

Шымкент қаласында гандболдан жоғары лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қол добы шеберлерінің биылғы додасына елімізден 8 команда қатысып, бас жүлдеге таласты. Финалдық бәсеке Шымкент қаласында желтоқсанның 6-12 күндері өтіп, үздіктер анықталды, деп хабарлайды Janalyq.Asia.kz.
Қорытындысында Түркістан облысының «Тұран» құрамасы І орынды иеленіп, қатарынан үшінші рет алтын медальдің иесі атанды. Тартысты өткен чемпионатта ІІ орынды Шымкент қаласының командасы алса, ІІІ орынды Қарағанды облысының командасы місе тұтты.
Маусым барысында 5-тур бойы нәтижелі ойындар көрсеткен Түркістан облысының «Тұран» командасы биыл да өз биігінен түспей, гандболдан жоғары лигадағы ерлер арасында 3-ші рет қатарынан чемпиондық атағын сақтап қалды. Тұрандықтардың осындай жақсы көрсеткішке жетуіне «Тұран» спорт ойын түрлері клубының директоры Сабыржан Қалдыбекұлы жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бапкерлердің еңбегі мен клубтағы өрендердің бірлігі де жеңісті жолға жетелеуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты мақалалар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button